Су тасқынынан зардап шеккен саяжай тұрғындарына үйлер салынуда
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев су тасқынынан зардап шеккен саяжай тұрғындарына салынып жатқан Оралдағы тұрғын үйлердің құрылысымен танысты.

Атап айтқанда, Нариман Төреғалиев Орал қаласындағы Жұлдыз шағын ауданы, Зашаған кенті және Деркөл кентіндегі Сарыарқа, Көкжиек шағын аудандарындағы құрылыс алаңдарына барды. Өңір басшысы құрылыс компанияларының басшыларымен кездесіп, тұрғын үйлердің сапасын және аяқталу мерзімін басты назарда ұстауды тапсырды.
«Су тасқынынан зардап шеккендерге салынып жатқан баспаналардың құрылысы тікелей Мемлекет басшысының бақылауында. Біз тұрғын үйлерді барынша сапалы қылып салу керекпіз. 1-ші қыркүйекке дейін құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғындар баспаналарына қоныс аударуы тиіс», -деді Нариман Төреғалиев.
Облыс әкімі құрылыс жұмыстарын қатаң бақылауда ұстауды орынбасары Тілепберген Каюповке тапсырды.
Нариман Төреғалиев құрылыс жұмыстарына жергілікті компаниялар тартылғанын атап өтті. Қазіргі уақытта 30 компания құрылыс жұмыстарын жүргізуде.
“Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан компаниялардың барлығы-жергілікті компаниялар. Бұл өз кезегінде бәсекелестікті дамытуға әкеледі. Өңірдегі құрылыс компанияларының саны артады. Қазір бұлкомпаниялар үй салудан бастаса, болашақта ірі-ірі әлеуметтік нысандардың құрылысына көшеді”- деді БҚО әкімі.
Атап өтейік, қазіргі уақытта Орал қаласында су тасқынынан зардап шеккен саяжай тұрғындарына арналған 450 үйдің құрылысы жүріп жатыр.
БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру