ОРАЛДА ЖАҢА ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Бүгін Орал қаласында 9 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Жаңа үйдің ашылуына облыс басшысы Алтай Сейдірұлы қатысып, пәтер иелеріне салтанатты жағдайда кілттерін табыс етті.

Бұл Орал қаласы бойынша апатты жағдайда тұрған тұрғын үйдің орнына салынып, құрылысы аяқталған үшінші үй. Гагарин көшесі 1 мекенжайы бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында салынған үй 126 пәтерлі. Олардың 12-cіне баспаналары апатты деп танылған отбасылар қоныстанса, бірқатар пәтерді «Нұрлы жер», «7-20-25» бағдарламаларының қатысушылары және «Тұрғынүйқұрысжинақбанкі» салымшылары алды.

Жекеменшік-әріптестік бағдарламасы шеңберінде және жеке инвестициялар есебінен қаржыландырылған үй құрылысын «Караванный путь» ЖШС жүргізген.
2016 жылы Орал қаласында апатты жағдайдағы үйлердің саны 52 болған еді. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған уақыттан бері 11 апатты үй сүріліп, 113 отбасы ЖАО меншігіндегі тұрғын үйлерге және құрылысшылардың ықпалдарымен уақытша басқа пәтерлерге қоныстанған. 2017 және 2018 жылдары екі үйдің құрылысы аяқталып, 48 отбасы жаңа пәтерге көшірілді.
Жақын арада Құрманғазы көшесі 198 мекенжайы бойынша апатты үйдің орнына салынған көпқабатты жаңа үй пайдалануға берілмек. Сондай-ақ 2019-2020 жылдары тағы үш үйдің құрылысы аяқталады.
Қазір қаладағы апатты үйлердің саны 41-ге азайған.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу