8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Сәуір 2024 2696 0
Қалалықтар қаперіне

Қарғынға қарсы қамданыс күшейді

Өңіріміздегі су тасқыны салдарын жою және  авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізу жалғасуда. Қарғынға қарсы жұмыс күшеюде. Облыстық Төтенше жағдай департаментінің мамандары елді мекендердегі су ағатын арналарды тексеріп,  бұл жұмысқа айрықша мән беруде.


Өңірде
барлығы төрт мыңнан астам адам эвакуацияланды. Оның екі мыңы балалар.  Дәлірек айтқанда, эвакуациялық пункттерде бір мыңнан астам адам орналасты. Қалған 3853 адам туыстарының үйіне жайғасты. Қазіргі уақытта 26 су өту учаскесі мен 51   су шаю учаскесі жіті бақылауға алынды. Көлік қатынасы жоқ 10 елдімекендердің азықтүлік дүкендерінде  тамақ қоры жеткілікті.

Сондайақ,  3000 – нан аса үй жануары қауіпсіз жерге шығарылды. Облыс бойынша барлығы 804 773 шаршы метр куб еріген су сорылып,  170 749 құм салынған қап төселді. Ал1979   адам,  365 бірлік техника, 76  бірлік  мотопомпа жұмысқа тартылды.  

Түнгі мезгілде  Орал қаласы, Теректі, Бәйтерек аудандарында тұрғындарды  су тасқынынан сақтандыру шаралары бойынша құлақтандыру, өзен бойына құм салынған қаптарды төсеу жұмыстары жүзеге асты. Бұдан бөлек,  мұздардың бір жерде жиналып қалмауын болдырмау жұмысы жасалды.

Теректі ауданының Ұзынкөл ауылында  су басу қаупінен 705  тұрғын эвакуацияланды.  Орал қаласы маңындағы саяжай тұрғындары  да қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл орайда   төтеншеліктер тұрғындарға дүрбелеңге түспей, құтқарушы органның ұсынысына сәйкес әрекет етуді өтінеді.

 БҚО Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі

 

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»