8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Қаңтар 2024 11246 0
Дені сау ұлт

Қызылшаға байланысты аурушаңдық өсуде

Батыс Қазақстан облысында қызылша, жіті респираторлық вирустық инфекциямен және тұмаумен сырқаттану жағдайы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрлыбек Ермекұлы мәлім етті.

Спикердің айтуынша, облыста қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз деп сипатталып, аурушаңдықтың өсуі байқалады.

Өткен 2023 жылдың басынан қызылшаның 477 жағдайы расталды, ағымды 2024 жылда 48 жағдай тіркелуде.

Облыста аурушандылық Бөкейорда және Жәнібек аудандарынан басқа, барлық аудандарда тіркелді.

Жас құрамы бойынша:

– 1 жылға дейін – 7 жағдай;

– 1 жастан 4 жасқа дейін – 16 жағдай;

– 5 жастан 14 жасқа дейін – 8 жағдай;

– 15 жастан 18 жасқа дейін – 4 жағдай;

– ересек тұрғындар арасында – 13 жағдай.

Ұлттық профилактикалық екпе күнтізбесіне сәйкес, 6 жасқа дейінгі балалар иммунитетті қамтамасыз ететін және мүгедектіктің алдын алатын жұқпалы ауруларға қарсы негізгі 10 екпе алуы керек. Алайда, бірнеше жыл ішінде вакцинадан бас тарту санының өсуі тенденциясы байқалды, бұл ауруларға қарсылық жоқ иммундық қабаттың пайда болуына әкеледі. Бұл адамдар қызылша мысалындағыдай денсаулығына байланысты вакцинацияланбайтын балаларда инфекцияны тудыруы мүмкін.

Қызылшаның арнайы емі жоқ, тек екпе алу арқылы ғана қызылшадан қорғануға болатынын тұрғындардың есіне саламыз.

Қызылшаға қарсы вакцина Ұлттық иммундау күнтізбесіне енгізілген. Балаларға қызылшаға қарсы егу 1 жаста, ал ревакцинация 6 жаста жүргізіледі, екпеден кейін инфекциядан қорғайтын иммунитет пайда болады.

Тұрғындарға өздігінен ем қабылдамай, аурудың алғашқы белгілері байқалғанда медициналық көмекке жүгіну қажеттігін ескертеміз.

Сонымен қатар, балаңыздың қызылшаға қарсы егу мәртебесін тексеруді, егер балаңыз кейбір себептермен қызылшаға қарсы екпе алмаған болса, ауыр асқынулар мен аурудың салдарының алдын алу мақсатында, жергілікті емханаға барып, екпе алуларын сұраймыз.

Батыс Қазақстан облысындағы жіті респираторлық вирустық инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай өткен эпидемиологиялықмаусымымен салыстырғанда 50,3%  жоғарлады.

1 қазаннан бастап ЖРВИ-дің 98633 жағдайы тіркелді, солардың арасынан 14 жасқа дейінгі ауырған балалар саны64,1 % құрады.

2023-2024 эпидемиологиялық маусымда тұмауы вирусының А түрі (H3N2) және тұмауға қарсы емес вирустардың айналымы анықталды.

Тұмаудың 72 жағдайы тіркелді, барлық жағдайлар А H3N2 түрі. Тұмаумен науқастардыңауруханаға жатқызылған саны 54, қалған жағдайлар амбулаториялық емде.

Тұмау тәрізді емес вирустардан парагрипп, РС вирус, аденовирус, риновирус анықталды.

Білім беру ұйымдарында оқушылар арасындағыинфекциялардың күрт өсуі мен таралуының алдыналу мақсатында келесі шараларды орындаудыұсынамыз:

санитайзерлердің, дезинфекциялау және жууқұралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз ету, оқушылардың жеке гигиена ережелерін сақтауын;

үй-жайларды жиі желдетуді, ылғалды жинаужәне дезинфекция жұмыстарын жүргізуді;

Жұқпалы аурулар  тіркелген жағдайда білім беру объектісінің медицина қызметкерінің педагогтерді, персоналды және білім алушыларды күнделікті «кіру» сүзгісінен өткізу, болмаған жағдайда ішкікестеге сәйкес кезекшілер арқылы жүргізу; респираторлық инфекция белгілері бар адамдардың(жөтел, мұрыннан су ағу, дене температурасы 37 градустан жоғары) білім беру ұйымдарына кіруіне жол бермеу жұмыстарын жүргізуі керек.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
42 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
258 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
751 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1128 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1061 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1488 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2104 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2271 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2277 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2326 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2332 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
1976 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2811 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2868 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2861 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3471 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3443 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3429 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3407 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3571 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3617 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»