8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қазан 2023 2799 0
Оқиға

Жалған құжатпен балық сатқан

БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Орал қаласында балық пен бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын сатумен айналысатын заңсыз арнаны анықтады.

Тексеру барысында ұсталған қылмыстық топ Батыс Қазақстан облысында бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз сатумен айналысқаны белгілі болды. Олар балық өнімдерін жалған құжаттарымен Орал қаласындағы орталық базарларына әкеліп сатқан.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 1520,55 кг  бекіре балығы, 27,3 кг қызыл және 1,25 кг қара уылдырық, сондай-ақ жалпы сомасы 2 млн 705 мың теңге және 35,8 мың рубль қаражаты, сондай-ақ, тапанша, оқ-дәрілер, электронды таразы, пышақ, дүрбі табылып, тәркіленді.

Ұсталған азаматтар Батыс Қазақстан облысының тұрғындары екені анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы 2-бөлігі (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тереп-тексеру жұмыстары басталды.

Заң бұзғандарға қатысты қозғалған іс жан-жақты тексеріліп жатыр.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
146 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
130 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
357 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»