8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Шілде 2023 1289 0
Білім

Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу басталды

Қазақстанда магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу басталды. Берілген өтініштердің саны – 43 мыңға жуық.

Өтініштердің басым көпшілігі «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Бизнес, басқару және құқық» бағыттарына келіп түсті. «Бір жарым ай бойы магистратураға түсуге ниет білдіргендердің барлығы тіркелді. Тіркеу кезінде тестілеу өтетін орынды түсуші өз бетінше таңдайды. Емтихандар бүгін басталып, 10 тамызға дейін жалғасады», –  деп түсіндірді Жоғары ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Ембаев.

Магистратураға түсу форматында өзгерістер жоқ. Талапкерлерге тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда онлайн-апелляция рәсімі қамтамасыз етіледі. Тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде түсуші бірден апелляцияға өтініш бере алады. Апелляция бес күн ішінде қаралады. Сертификат өтініш берушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Өту балы өзгеріссіз қалды: ғылыми-педагогикалық бағытқа 75 балл, бейіндік бағытқа 50 балл.
Магистратурада оқу үшін 2023 жылы 13 мыңнан астам грант бөлінді.

Гранттар конкурсына құжаттарды қабылдау 11-14 тамыз аралығында өтеді, ал грант иегерлерінің тізімі 26 тамызға дейін жарияланады. Қабылдау 28 тамызға дейін аяқталады.

Дереккөз: stan.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
287 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»