8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Желтоқсан 2018 2503 0
Өзек

БЕС ЖАСАР БАЛАНЫ ҚОРҚЫТЫП…

БҚО полиция қызметкерлері баланың өмірін сақтап қалды.

Оқиға 8 желтоқсан күні болған. Күндізгі сағат 11.15 шамасында 102 басқару операторына Достық даңғылы №244 үйдің ауласында екі бейтаныс адамның төбелесіп жатқаны туралы хабарлама түседі. Шақырту орнына Орал қалалық жол-патрульдік полициясы батальонының патрульді экипажы полиция капитаны Мұхит Әбілқайыров пен полиция лейтенанты Жандос Құбаев дереу барған. Бірақ, олар келгенде аулада ешкім болмаған. Дегенмен, айқайлаған дауысты естіп, үйге кіргендерінде ер адамның бес жасар баланың мойнына пышақ тақап ұстап тұрғанын көреді. Ол баланы осылайша қорқытып, анасын шақыртпақ болған.

Полицейлер ер адаммен сөйлесу арқылы баланы құтқарып, ер адамды тұтқынға алды. Ол баланың анасымен бірге тұрып жатқан азамат  болып шықты. Өзі 1993 жылы туған.

БҚО ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 115-бабы (Қорқыту) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Баланың туғандары БҚО ПД бастығының атына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдіруде. Баланың өмірін сақтап қалған полицейлер басшылық тарапынан ескерусіз қалған жоқ, ақшалай сыйақы алды.

Айта кету керек, полиция қызметкері Мұхит Әбілқайыров бұған дейін, яғни 2015 жылдың мамырында «Хлебзавод» ауданындағы үйлердің бірінде түтінге тұншығып, есін жоғалтқан ер адамды балконнан төменге түсіріп, өмірін сақтап қалуына жәрдемдескен болатын. Ал 2016 жылдың 4 наурызында М.Әбілқайыров әріптесімен бірге төртінші қабаттан секірмек болған қызды құтқарды.

2015 жылы Мұрат Әбілқайыров ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»