8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Маусым 2023 1466 0
Құттықтаймыз!

Рәміздерге арналған күн

 

4 маусым – Рәміздер күніне орай «Бірлігі жарасқан тәуелсіз елім бар» атты мерекелік концерт өтті.

Концерттің шымылдығын «Жайық гүлдері» би ансамблі «Тәуелсіздік таңы» биімен ашты. Айтулы шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев пен Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов қатысып, жұртшылықпен бірге мерекелі кештің куәсі болды.

Сахна төрінде Медет Оразов, Қанат Төлепқалиев, Нұржан Қожахмет, Айым Шекеева, Айдана Орынғалиева, Тарас Жауынбаев, Дархан Құлбабаев секілді өңір әншілері өнер көрсетті. Ұлттық және заманауи билер нақышына келтіріле орындалды.

12 аудан атынан Мемлекеттік Ту туралы бейнематериалы көрсетілді. Аудандарды шарлаған Туларды атқа қонған сарбаздар алып шықты. Мемлекеттік Әнұранды қала халқы бірге шырқады.

Халық асыға күткен танымал әншілер Дастан Оразбеков, Луина, Әлішер Кәрімов елге белгілі әндерін орындап, жиналған халықты бір серпілтті.

Күні бойы Президент атындағы алаңда шаһар халқы мерекені атап өтіп, күннің әдемі нүктесін қойды.

Дәметкен САҒЫНБАЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
37 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
101 0
Құттықтаймыз!
19 қазан – Құтқарушылар күні!
19 Қазан 2026
150 0
Мәслихат жаршысы
Сайлау науқанына дайындық басталды
15 Қазан 2026
295 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»