Жазғы кезеңдегі балалардың қауіпсіздігі туралы
Жаз мезгілінде балаларда бос уақыт көп болатындықтан, олардың белсенділігі артатын уақыт, қызығушылықтың жоғарылауы және тәуелсіздікке деген ұмтылыспен бірге жазатайым оқиғаларға әкелуі мүмкін.
Жазғы кезеңдегі балалардың негізгі жазатайым оқиғаларына су айдындарындағы балалардың қаза болуы жатады.
Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Департамент жергілікті атқарушы орган және басқа құзыретті мекемелермен бірлесіп, іс-шаралар кешенін жүргізуде. Жазда балалар көбінесе ересектердің қарауынсыз қалып су айдындарына, әдетте, қайғылы оқиғалар орын алатын жабдықталмаған жерлерге шомылуға барады.
Су айдындарында балалардың қауіпсіздік мәселесі ерекше алаңдаушылық тудырады.
Соңғы 5 жылда облыс бойынша 102 адам суға батып кетті, оның ішінде 28 бала.
Анықтама: 2022 жылы шомылу маусымында 15 адам суға батып кетті
(2021 ж. – 24, 37,5% – ға азайды), оның ішінде 6 кәмелетке толмаған (2021 ж. – 8, 25% – ға азайды).
Су айдындарында адам өлімінің негізгі себептері:
– тыйым салынған және жабдықталмаған жерлерде шомылу;
– мас күйінде шомылу;
– жүзе алмау;
– балаларды қараусыз қалдыру.
Балалардың өмірі мен денсаулығына ересектер жауап береді, ең алдымен біздер, ата-аналар жазғы кезеңде балаларға қауіпсіз жағдай жасауымыз керек. Ата-аналар ең бірінші кезекте – ешбір жағдайда баланы қараусыз қалдырмау керек екенін есте ұстауы қажет.
Ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында Департамент үзбелі түбіртегі бар жадынама әзірледі, олар
ата-аналарға қол қойғызылып, тапсырылады.
Анықтама: су айдындарының қауіпті, шомылу үшін жабдықталмаған учаскелерінде 303 тыйым салу белгілері мен 77 ақпараттық стендтер орнатылған.
2022 жылғы 01 қыркүйек пен 2023 жылғы 28 наурыз аралығында облыс бойынша 4076 бала жүзуге оқытылды (тегін бассейндерде – 1406, ақылы бассейндерде – 2670).
Облыстың 556 білім беру мекемесінде су айдындарындағы қауіпсіздік бұрыштары құрылды.
Шомылу кезеңіндегі төтенше жағдайларға ден қою үшін
БҚО Төтенше жағдайлар департаменті 70 құтқарушыны, 20 жүзу құралы және патрульдеу үшін 12 автокөлікті дайындады.
Сондай-ақ, БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен наурыз айында 1 бала, Орал қаласының орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы құтқарылды,
ол достарымен ойнап жүріп суға түсіп кетіп, ағаш бұтағына ілініп қалған. Бұны өтіп бара жатқан адам көріп құтқарушыларды шақырған.
Анықтама: ағымдағы жылдың 23 наурызында Орал қаласы, Жеңіс алаңы ауданы (Стелла монументінің жанында) тайып, суға түсіп кетіп, ағаш бұтағына ілініп қалады, 2008 ж.т. бала (орта мектептің 8-сынып оқушысы).
Жазғы кезеңде рейдтік іс-шараларды өткізу және халықты үгіттеу үшін облыстың төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы орган, полиция және көліктік бақылау инспекциясы жеке құрамының 400-ден астам адамы жұмылдырылатын болады. Сондай-ақ, еріктілерді тарту жоспарлануда.
Облыс әкімінің өкімімен «Облыс су айдындарында төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары» бекітілді, оның негізінде су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүргізілетін болады.
Демалыс пайдалы әрі ол туралы тек жақсы естеліктер қалатындай болуы керек. Бұл үшін демалыс орындарындағы қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы ұмытпауымыз қажет.
Жазатайым жағдайды болдырмау үшін, тыйым салынады:
– «Суға түсуге тыйым салынады» деген белгілер орнатылған жерлерде шомылуға;
– жүзудің шекарасын белгілейтін қалқыбелгілерден кейін жүзуге;
– шағын көлемді кемелерге және басқа да жүзу құралдарына жүзуге;
– суға қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, жағажайлардан, табиғи құралымдардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан секіруге;
– жалған дабыл айқайларын беруге;
– мас және есірткі белгісі бар күйінде суға шомылуға;
– тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге;
– жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;
– балаларға ересектерсіз суға кіруге жол берілмейді.
Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын сақтаңыз, төтенше жағдайға тап болсаңыз *112 нөміріне хабарласыңыз.
Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау ҚР Құқық бұзушылық әкімшілігі кодексінің 412-бабына сәйкес, жеке тұлғаларға 7 АЕК (24 150 тенге).мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Аталған мәселе облыс әкімі Н.Төреғалиевтің назарында. Өңір басшысы бұл мәселеге ерекше мән беріп, ағымдағы жылдың сәуір айында өткен жедел штаб отырысында барлық қажетті құрылымдарға судағы қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша тапсырма берді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу