Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет
Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік билік органдарының мақсаттары мен міндеттеріне белсенді қатысуынсыз мемлекеттік қызметтің тиімді жұмыс істеуі мүмкін емес. Көп жағдайда мемлекеттік қызметшілер қызметінің нәтижесі олардың лауазымдық міндеттерін сапалы орындауына, бастаманы көрсету мүмкіндігіне және кәсіби дағдылары мен білімін қолдана алуына байланысты болады.
Қазақстан Республикасының президенті Қ.К.Тоқаев өзінің берген сұқбатында мемлекеттік қызметшілердің жұмыстарының негізгі принциптері адалдық, кәсібилік, құзыреттілік, ашықтық болуы керегін және мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты азаматтардың әл-ауқатын жақсарту болып табылатынын атап көрсетті. Осы қасиеттерге ие, мемлекеттік қызметте 12 жылдай еңбектеніп жүргендердің бірі – Зульфия Арыстанқызы Урынгалиева.
Зульфия Арыстанқызы 1986 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданында дүниеге келген. 2008 жылы экология және табиғатты пайдалану мамандығы бойынша М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін үздік дипломмен аяқтады. Білімін шыңдау мақсатында ғылыми-педагогикалық бағыты бойынша экология мамандығына оқуға түсіп, 2011 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін аяқтап, жаратылыстану ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесіне ие болады. Магистр дәрежесін алған жылы білімін жан-жақты тереңдету үшін 2013 жылы құқықтану мамандығы бойынша оқып бітірді.
Еңбек жолын 2009 жылы «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша Жайық-Каспий экология департаментінің Батыс Қазақстан облыстық филиалында үйренуші маман болып бастады. 2011 жылдың тамызынан бастап бүгінгі күнге дейін әр жылдары Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының экологиялық реттеу бөлімінде және су қорларын қорғау және пайдалануды реттеу бөлімінде бас маманы лауазымында жұмыс жасап келеді.
Жұмыс барысында өзін жауапты, сауатты, білікті маман ретінде көрсете біліп, облыстағы экологиялық жағдайды жақсарту мен балық ресурстарын сақтау және көбейтуді қамтамасыз етуге сүбелі үлес қосуда.
Білімі мен біліктілігінің арқасында жан-жақты, жауапкершілігі мол, су шаруашылығы мен жануарлар дүниесін қорғау саласы бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетік меңгерген, мемлекеттік қызметтегі іс-әрекетіне жауаптылықпен қарап, жоғары орындаушылық көрсетіп, өзіне талап қоя білетін, тәртіп пен адамгершілікті ту еткен маман.
2021-2030 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысында балық шаруашылығын дамытудың аймақтық бағдарламасын дайындауға орасан септігін тигізіп, жұмыс тобының құрамында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің балық шаруашылығы комитетінде бағдарламаны таныстырды. Қазіргі таңда бағдарламадағы мақсаттарға жету бағытында белсенді қызмет атқарып келеді.
Қоршаған ортаның биоәртүрлілігін сақтау және көбейту, су ресурстарының өсімін молайту және экологияға ұқыпты қарау мақсатында қоғамдық сананы дамытуда табиғат пайдаланушылар арасында насихат жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді.
Бұған қоса, облыстағы мемлекеттік ірі университеттердің бірі – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде ынтымақтастық негізінде студенттеріге дәріс оқуға шақырылып тұрады. Сонымен қатар, магистрлік және дипломдық қорғау бойынша мемлекеттік комиссия мүшесі ретінде қатысып келеді.
Мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін 2021 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жарлығымен Құрмет грамотасымен марапатталды. Батыс Қазақстан облысы әкімінің атынан, сонымен қатар мемлекеттік қызмет жұмысын жақсартуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қосқан үлесі үшін Алғыс хаттармен марапатталған. – Мемлекеттік қызметшілер кәсбіи білімі терең, оны тәжірибеде қолдана білуі, жауапкершілігі мол, әділ, адал және төзімді болуы керек деп ойлаймын. Тәжірибе жинақтау, үйрену, іздену – кәсіби маманның көрсеткіші, – дейді кейіпкеріміз Зульфия Арыстанқызы.
Жақсы маман атану – белгілі бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін қызметтің маңызды бөлігі. Ал өз қызметіне барынша мұқият қарайтын Зульфия Арыстанқызы Батыс Қазақстан облысының қоршаған ортаны қорғау, бағалы балық түрлерін сақтау және өсімін молайту жолында аянбай еңбек етіп келеді.
Әр саланың өз маңызы, артылар жүгі, міндеті бар. Салмағын сараптап, жауапкершілікті сезіне білген қызметкер үшін істің ауыры болмайды дегендей, Зульфия Арыстанқызы секілді барша мемлекеттік қызметшілердің абыройына, қызметіне сенім артуға болады.
Мемлекеттік қызметші өзгелерге өзінің ісімен, әділдігімен, қарапайымдылығымен, сабырлылығымен, шыншылдығымен, отансүйгіштігімен үлгі болуы керек. Мемлекеттік қызметкер болу абыройлы іс екенін естен шығармаған жөн.
БҚО табиғи ресурстар және
табиғат пайдалануды реттеу
басқармасының әкімшілік бөлімі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу