ҚҰСТАРҒА СЫЙ
Оралдық студент Нұрай Темірғали өзінің туған күнінде құстарға тамаша тарту жасады. Ол 17 жасқа толған туған күнін атап өтпей, оның орнына құстарға арналған 17 ұя мен жемсауыт жасатып, достарымен бірге қалалық мәдениет және демалыс саябағына орнатты.

Нұрай Темірғали – Орал гуманитарлық техникалық колледжінің екінші курс студенті. Болашақ тіл маманы. Орниталогия саласына деген қызығушылығы 13 жасқа толғанда әкесінің Есенғали Раушановтың «Құстар біздің досымыз!» деген үлкен кітапты сыйға тартқанынан басталған. Ал кезекті 17 жасын достарымен бірге атап өтуді жоспарлағанымен, атаулы күнге бір-екі апта қалғанда ойын өзгертіпті. Қыздарының ақ ниетін отбасы да құп алып, бірден ағаш шеберіне тапсырыс берген.
– Атап өтуге болатын еді. Достарымды шақырып, сыйлық алған да жақсы. Бірақ, соған кететін ақшаға қанатты достарыма көмектескім келді. Бала кезімнен құстарды жақсы көремін. Құстарға әрдайым қамқорлық керек. Олар – өте сезімтал келеді. Әсіресе қыстыгүні олар бір уыстай болып, бүрісіп тоңып тұрғанын көреміз. Кішкентай қанаттарымен өздерін қорғап, өмірлерін сақтауға тырысады. Бұл бастамам болашақта өзім секілді жастар тарапынан қолдау тапса екен деймін, – дейді ақылды Нұрай.


Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу