БҚО-ДА ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕПТЕР МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІЛУДЕ
Бүгін Орал қаласы Сарытау шағынауданында жаңа мектеп ашылды. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған мектеп 900 орынға арналған.
Білім ұясының ашылуына облыс әкімі Алтай Көлгінов, қала басшысы Мұрат Мұқаев, кент тұрғындары, білім саласының қызметкерлері қатысты.


– Осы мектептің ашылуымен Зашағандағы №10 және 47 мектептердегі үш ауысымда оқыту мәселесін шештік. Елбасымыздың біздің алдымызға қойған үш ауысымды мектептер мәселесін шешу тапсырмасының орындалуының нәтижесі – осы. Енді апатты жағдайдағы білім ұяларын шешу міндеті тұр. Ол үшін құжаттамалары дайын. Алдағы көктемде және жазда жаңа мектептер құрылысы басталады. Мәселен, Ақжайық ауданы орталығында 300 орындық интернатымен жаңа мектеп салынады. Қазталовтағы Алма Оразбаева атындағы мектептің орнына 600 орындық мектеп салынады. Сондай-ақ осы Зашағанда №51 орта мектеп салынады. Осылайша, үш ауысымда оқыту мәселесі оң шешіледі, – деген Алтай Сейдірұлы кент тұрғындарын, білім саласы қызметкерлерін Тәуелсіздік күнімен, жаңа мектептің ашылуымен құттықтады.
Бұл мектептің салынуын кент тұрғындары ұзақ күткен болатын. Ардагер-ұстаз Мәрзия Аженова кентте заманауи үлгіде салынған мектеп үшін Елбасына, облыс басшысына алғысын білдіріп, білімді шәкірттердің көп болуын тіледі.
Мектеп құрылысын жүргізген «Жиенбай» ЖШС басшысы Александр Қарағойшин жаңа ғимараттың кілтін салтанатты түрде мектеп басшысына табыс етті. Дәстүрлі лента қию рәсімі Мәрзия Төлебайқызы мен үздік оқушы Даргүл Өмірзақоваға ұсынылды.

Бұдан соң шақырылушы қонақтар, ата-аналар, мектеп оқушылары білім ұясын аралап көрді.
Тоғыз блокты мектеп кешенінде 12 оқу сыныбы, 9 әмбебап бөлме, екі спорт зал, 294 орындық мәжіліс залы, 156 орынға арналған асхана, еңбек сабақтарына арналған шеберханалар бар. алты мультимедиялық , төрт информатика кабинеті бар. География, биология кабинеттері лабораторияларымен жабдықталған. Жоғарғы қабатта желдету құрылғылары, сынып бөлмелеріне қол жуғыштар қойылған.



Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру
Пікір үстеу