БҚО да -жүрек ауруы көбейген
29 қыркүйек – Бүкіләлемдік жүрек күніне орай, кардиология орталық базасында ашық есік күні өтті. Биылғы жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша облыста жүрек-қан тамыр аурулары 4 пайызға өскен. – «Бұл көрсеткіш скрининг кезінде анықталды», – дейді медицина мамандары. Белгіленген меже 52 мың адамды құраса, бүгінде азаматтардың 91 пайызы тексерістен өтіп үлгерген. Облыста 92 мыңнан астам адам жүрек-қан тамыр ауруларымен есепте тұр. Биыл кардиология саласында өлім-жітім 17 пайызға азайған. Мұны мамандар «толыққанды материалдық базаның болуымен» байланыстырады. Кардиология орталығында жүрекке жасалатын оталарды қоспағанда, коронарографиялық зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік бар. Бұл, бірінші кезекте науқастың уақытын үнемдейді. 2020-21 жылдары коронавирус індеті жүрек-қан тамыр аурулары бар тұрғындарға зиянын тигізген. Вирустың адам ағзасына енуінен бастап, қанды қоюлатуы – жүрек ауруына алып келуде.
Айнара ИСА
Соңғы жаңалықтар
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Жаңақала ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Қазақстан ТЖМ әлеуетін арттыруда: жаңа технологиялар, заманауи техника және құтқару инфрақұрылымын дамыту
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кезекті жәрмеңкесі өтті
От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

Кіру
Пікір үстеу