«ЖЫЛ ҮЗДІГІ-2018» ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫСТАЛДЫ
Бүгін Батыс Қазақстан облысында 2018 жылғы «Жыл үздігі» жастар сыйлығының иегерлері анықталды. Жеңімпаздарды облыс әкімі Алтай Көлгінов құттықтады. Марапаттау рәсімі Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында өтті.

«Жыл үздігі» жастар сыйлығы байқауы он жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Дәстүрлі байқаудың мақсаты – жастарды Отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, жастардың елдің қоғамдық-саяси, мәдени, экономикалық өмірге деген белсенділігін арттыру, дарынды жастарға қолдау көрсету. БҚО бойынша «Болашақ» қауымдастығының директоры Салтанат Тұманбаеваның айтуынша 10 жылдың ішінде 550 жас «Жыл үздігі» атанған.

Биылғы жылы үздіктер 10 негізгі және екі арнайы аталым бойынша анықталды. Атап айтқанда, жыл басында Моңғолияның Ұлан батыр қаласында өткен ересектер арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы, қараша айында Румынияның Бухарест қаласында өткен жарыста 68 келі салмақта самбодан әлем чемпионы атанған самбо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері Нұрбол Серіков «Үздік жыл спортшысы», «Ақжайық» телеарнасының жаңалықтар бөлімінің тілшісі Назерке Тоғжан «Үздік жас тілші», «Батыс су арнасы» ЖШС-ның I дәрежелі инженері Армат Ғиззат «Үздік жас маман», Тасқала ауданы «Сәулет» мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі, облысымыздағы 100 ұстаз тізіміндегі Әлімбек Айсағалиев «Үздік жас ұстаз», Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Жастар мәдениет үйінің артисі, биылғы «Мен қазақпын» дәстүрлі әнші, күйші, термешілердің халықаралық мега жобасының қатысушысы, ҚР ЖОО студенттері арасындағы республикалық пәндік олимпиадасының «Домбыра» номинациясы бойынша жүлдегері, «Ұлы дала мұрасы» атты республикалық домбырашылар байқауының жеңімпазы Жасұлан Зинеденов «Үздік жас өнерпаз», Сырым аудандық орталық ауруханасының хирург дәрігері Қасым Бисенғалиев «Үздік жас дәрігер», облыстағы зерде бұзылыстары бар балаларды қоғамдық өмірге араластыру, ардагерлерге қамқорлық көрсету бағытындағы шараларды ұйымдастырып жүрген «Жас Отан» Жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ерлік Шамғалиев «Үздік жас көшбасшы», ғылыми мақалалары Чехияның Прага қаласында, Қырғызстанның Бішкек қаласында өткен халықаралық конференцияларда жоғары бағаланып, 2018 жылы «Қазақстан тарихы пәнінен» оқу әдістемелік құралы жарық көрген М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттің университетінің оқытушысы Дәурен Сағынғалиев «Үздік жас ғалым» аталымдарымен марапатталды. Осы оқу орнының 4 курс студенті, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Елбасы қорының шәкіртақы иегері, Президент шәкіртақысы иегері, республикалық пәндік олимпиаданың, халықаралық «Ломоносов – 2018» конференциясының жеңімпазы, «ZhasCAMP Almaty – 2018» республикалық конференциясының ғылыми және әлеуметтік жобалар грантының иегері Айша Кемешова «Үздік жас студент» атанды.

13 желтоқсан күні «Вишенка-1» саяжайлық учаскесінде тұрғын үйде шыққан өрттен ер адамды алып шығып өмірін сақтап қалған Асылхан Темірхановқа «Қайсарлығы мен батылдығы үшін» аталымымен марапатталды.

«Жыл жаңалығы» арнайы номинациясы «DD records» командасының мүшелері берілді. 2018 жылы командадағы дуэттің авторлық «Самая вышка» әні жарық көріп, әлеуметтік желілер мен ютуб желісінде ең көп қаралым жинаған болатын 2018 жылы дуэттің әндері Қазақстандық музыкалық арналардың барлық хит-парадтарының көшін бастады. Биылғы жылдың өзінде Райм мен Артур республикалық Eurasian Music Awards премиясының «Жыл жаңалығы», «Жыл таңдауы – 2018» премиясының «Жылдың үздік әні» аталымдарын жеңіп алды.
Үздіктерге арнайы мүсін сыйлығы мен 100 мың теңге сыйақы берілді.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу