Бағланованың рухына бас иді…
Жайық жұртшылығын әсем ән мен күмбірлеген күйге бөлеп келе жатқан Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы 12-сәуірде көрермендерге тамаша кеш сыйлады. Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында аталмыш іргелі ұжым КСРО және Қазақстанның халық артисі, Халық қаһарманы Роза Тәжібайқызы Бағланованың 100 жылдығына арналған концерт өткізді. «Ән падишасы» атты тақырып таңдалған ән кешінде
Роза Тәжібайқызының репертуарындағы халық әндерін оралдық өнерпаздар шырқады. Кеште дәстүрін жаңғыртып, дала сазын аспан көгінде қалықтатқан бір топ таланттылар сахнада өнер көрсетіп, дүйім елдің ықыласына бөленді. ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жаңылсын Хасанова, ҚР Мәдениет саласының үздіктері Ақсұлу Жұмалиева мен Майра Хайдарова, Ақмарал Ахметова және Дария Бақытова, халықаралық республикалық конкурстардың лауреаттары Галина Калашникова, Ардақ Айғалиева, Айдана Ажғалиева, Айда Ғабдиева, Айым Шекеева, Наргиза Сүлейменова, Гүлназ Ғиниятовалар тыңдармандар алдында Роза Тәжібайқызының репертуарындағы әндерді нақышына келтіре орындады. Сондай-ақ, кеште «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Жаскелең Ғайсағалиев,
«Назерке» халық биі ансамблі және «Step up» би тобы өнер көрсетті.
Жанды дауыста ән айтқан бұлбұл үнді өнерлі жандарды «Орал сазы» фольклорлық ансамблі және «Ән қанатында» вокалды инструменталды ансамблі сүйемелдеді.
Көрермендер халқымыздың сүйікті әншісі Роза Бағланованы естеріне түсіріп, рухына тағзым жасады.
Сымбат ҚЫПШАҚБАЙ
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру


Пікір үстеу