АТА-АНАЛАР СПОРТ САЙЫСЫНДА
БҚО дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатында оқушылар мен ата-аналар арасында спартакиада өтті.

Спартакиадаға 7, 10 сынып ата-аналары қатысты. Сайыстың ашылу салтанатында ІТ-лицей басшысы мен лицейдің ардагер ұстаздары сөз сөйлеп, сайыс үміткерлеріне сәттілік тіледі. Сайыскерлер «Достық», «Дарын», «Болашақ», «Большая компания», «Жалын» командаларына бөлініп, волейбол, үстел теннисі, шахмат, көпсайыс (мылтық ату, орыннан ұзындыққа секіру,ерлер арасында тірелеп жатып қолды бүгіп жазу,шалқадан жатып,кеудені көтеру), арқан тартыс сайыстары бойынша бақ сынасты.
Сайыс қорытындысында шахматтан ерлер арасында І орын «Жалын» командасынан Т.Алтаевқа, ІІ орын «Достық» командасынан А.Биниязовқа, ІІІ орын «Большая компания» командасынан Е.Дюсекеновке берілді. Әйелдер арасында І орынды «Достық» командасынан Д. Ізболатова, ІІ орынды Э.Даукешова, ІІІ орынды Г.Максим алды.
Үстел теннисінен ерлер арасында Б.Ихласов оза шықты. ІІ орынды А.Ишанов, ІІІ орын Исанғалиев алды. Әйелдерден Г.Хуснутдинова, А. Еслямгазиева, С.Жақсыбаева жүлдегер атанды.
Арқан тартыстан бірінші орынды «Дарын» командасы алса, екінші орын «Большая компанияға», үшінші орын «Жалынға» берілді.
Волейбол жарысы бойынша «Достық» – І орын, «Дарын» – ІІ орын, «Большая компания» – ІІІ орын алды.
Жалпы команда бойынша ІІІ орынды «Большая компания» , ІІ орынды «Достық», І орынды «Дарын» командасы алды.
Ата-аналар сайыстың жоғары деңгейде өткендігін, өздерінің де сергіп қалғандарын айтып жылы лебіздерін білдірді. Ел тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында оздырылған бұл шараның жалғасын табарына сенім зор.

Фотосуреттерді түсірген Рафхат Халелов.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу