8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Желтоқсан 2021 2033 0
Қоғам

ДОМБЫРАНЫ ҮЙРЕТУ ҮШІН АМЕРИКАҒА АТТАНДЫ

Оралдық домбырашы Асқар Кенжеғалиев Америкада қазақ балаларына ұлттық аспабымыз домбырадан сабақ бермек. Бұл туралы өнер иесі қызмет ететін Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның баспасөз қызметі хабарлады. 

Күйші-домбырашы Асқар Кенжеғалиев АҚШ-тың Техас штатындағы Хьюстон қаласындағы қандастарға сабақ жүргізеді. Бұл Асқар Мұхамбетқалиұлының бұған дейін онлайн өткізген сабақтарының жалғасы болмақ. Келісімшартқа сәйкес, оқу бағдарламасы алты айға жалғасатын болады.

Айта кетсек, Асқар Кенжеғалиев 2020 жылдың басынан Америкадағы  қазақ балаларына онлайн түрде домбыра үйретуді бастады. Осыдан 1,5 жыл бұрын бізге берген сұхбатында ол жақтағы балалардың домбыра үйренуге ниеттері жоғары екенін және ата-аналарының да балаларының ұлттық аспапта ойнауды меңгерулеріне қолдау көрсетіп, өздері бірге қадағалап отыратын айтқан болатын. Сонымен қатар  «Пандемия аяқталып, жақсы күндеріміз қайтып келсе, АҚШ-қа барып, қолдарына қазақтың сазсырнай, сылдырмақ, шаңқобыз сынды аспаптарын ұстатып, ансамбль ұйымдастырсам…» деген арманымен де бөліскен еді.

Ұлттық өнерді ұлықтап жүрген Асқар Мұхамбетқалиұлының алыстағы қандастарға домбыра үйрету мақсаты іс жүзінде жүзеге асуда.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
134 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
378 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»