8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Шілде 2020 2515 0
Қоғам

Асқар КЕНЖЕҒАЛИЕВ: «АҚШ-ТАҒЫ ШӘКІРТТЕРІММЕН АНСАМБЛЬ ҚҰРСАМ…»

 Қазақ үшін қара  домбырадан асқан киелі аспап жоқ. Көкірегі күйге толы, әр үнінде шешендік бар бұл аспап атадан балаға қаймағы бұзылмай жеткен халқымыздың асыл қазынасы. Елбасы Жарлығымен шілденің алғашқы жексенбісіне бекітілген Ұлттық домбыра күнін еліміз  үшінші мәрте атап өтпек. Қазақ тарихын екі ішекке сыйғызған ұлы аспапты ұлықтауға арналған  күннің белгіленуі – домбыраның дәрежесін биіктетті. Еліміздегі телеарналардың қатары «Домбыра»  арнасымен толығып, мектептерде домбыра пәнін енгізу қолға алынды. Ал оралдық домбырашы-ұстаз, республикалық Күйшілер Одағының БҚО-дағы филиалының төрағасы, Ғ.Құрманғалиев атындағы БҚО филармониясы жанындағы «Орал сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің жетекшісі Асқар Кенжеғалиев АҚШ-тағы қаракөздерге онлайн-сабақ жүргізіп, саф өнердің  қыр-сырын үйретіп келеді.

 

– Асқар аға, мұхиттың арғы жағындағы балаларға ұлттық аспапты үйрету қашан басталған еді?

– Биылғы жылы бастадым. Негізінен бұл идеяны осыдан жеті жыл бұрын облыс әкімдігіне, мәдениет басқармасына ұсынып, Ресейдегі, АҚШ-тағы немесе басқа да шетелдердегі қандастарымыздың домбыра үйренуіне жағдай тудыру, курстар ашу, методикалық нұсқаулықтар дайындау және аспаптармен қамтамасыз етуге қолдау сұраған едім. Ол кезде нәтиже болмады. Екі-үш жыл бұрын республикалық Күйшілер Одағы ашылған кезде Одақтың БҚО-дағы жетекшісі ретінде біраз ұсыныстарымызды тізіп, сол кездегі өңір басшысына бердім. Оның ішінде де шетелдегі қазақ ұландарына домбыра үйрету кластарын ашу туралы ұсыныс болды. Себебі АҚШ-тың Техас штатындағы Хьюстон қаласында қазақ мектебі жұмыс жасайтынын, онда Индира есімді қарындасымыз бен Қуатбек есімді сол жақта тұратын қандасымыздың шағын мектепте балғындарға қазақ елі, тарихы туралы тағылым беріп жүргенінен хабардар едім. Олар да менің ұсынысыма қуанып, іске асырылуын күтіп жүрді. Олар да қарап қалмай, бізге хаттарын жолдаған. Өңіріміздің басшысы болған Алтай Сейдірұлы және сол кездегі мәдениет саласына басшылық еткен Қадырболат Қабдырұлы ұсынысты қабыл алып, қолдау көрсетілетінін айтты. Дегенмен, қаражатқа байланысты АҚШ-тағы балаларға аспаптар жіберудің мүмкіндігі болмады. Осылайша, біраз уақытқа бұл іс тоқтап қалды. Әрине, үмітіміз үзілген жоқ. Бірақ пандемияға байланысты тағы да уақыт өткізіп алатын түріміз бар. Сол себепті Техастағы мектептің, домбыра үйренуге ниетті балалардың атааналарының ұйымдастыруымен онлайн түрде көптен ойда жүрген идеяны іске асыруды бастап кеттік. Сол мектептің басшысы Индира ханымға және Қуатбек мырзаға  алғысым шексіз. Бұл ретте осы екі азаматымыздың еңбегі сіңді.

– Қашықтан аспапты үйрету оңай емес шығар?

– Онлайн сабақ жүргізу деген таңсық емес қой негізі. Бірақ, домбыра ойнауды меңгертуде, соның ішінде дұрыс отыру қалпын, қолдың қойылымын көрсетуде қашықтан үйрету қиындау. Оның үстіне бұл балалар бұрын-соңды қолдарына домбыра ұстамаған 7 жастан 12 жасқа дейінгі балалар. Екіншіден, тіл мәселесі. АҚШта тұрғандықтан, олар ағылшын тілінде оқиды. Ішінде бірлі-екеуі ғана қазақ тілін түсінеді, кейбірі орыс тілін біледі. Басым көбіне – ағылшын тілінде ғана айту керек. Сол себепті сабағымыз үш тілде өтеді.

Оған қоса онлайн домбыра үйретудің  әдістемелік бағдарламасы жоқ. Осы істі бастауда өзімнің осы саладағы 20 жылдық тәжірибеме сендім. Алыстағы қандастарға домбыра үйрету жоспары менде 2009 жылдары пайда болған. Компьютермен домбыраны үйрену  бағдарламасын жасақтау үшін біраз қаражат жұмсап, дизайнер-бағдарламашылар іздегенімді әріптестерім жақсы біледі. Ол уақытта бұл мамандар тапшы еді. Өңірде компьютерлік бағдарлама жасайтын маман табылмағандықтан, бұл іс аяқсыз қалды. Ал енді он шақты жылды артқа тастап онлайн сабағыма сол кезде дайындаған әдістемелік нұсқаулықтарымды пайдаланудамын.

Тағы бір байқағаным – әдеттегі сабақтарды баламен тікелей қарым-қатынас жасау арқылы үйретсек, онлайн жүйесінде тіл байлық аса маңызды екен. Экранның арғы жағында отырған баланың санасына сөз арқылы сабақты құю міндеті тұрады. Дәстүрлі сабақтарға қарағанда көп энергия жұмсалатынын да сезіп жүрмін.

– Онлайн-үйірмеңіз арқылы қанша балғын қос ішекті аспапты меңгеріп жүр?

– 10  шаөты ұл-қыз. Қызығушылықтары зор. Онлайн сабаққа әбден үйреніп алған. Ата-аналары да балаларының ұлттық аспапты меңгеріп жүргеніне риза. Өздерінің домбыра ойнаудан хабарлары болмаса да, әр сабаққа бүлдіршіндерін дайындайды. Экран алдында бірге отырады. Әр сабақтың басында онлайн түрде аспаптың күйін келтіреміз, сағасын, тиегін жылжытып бірге дайындаймыз. Ата-аналар да қазір «саға», «тиек», «құлақ», «ішек» деген түсініктерді үйреніп алды және балаларының дұрыс үйренуін жіті қадағалап отыратыны таң қалдырды.

– Қашықтан өткен сабақтар қанша уақытта нәтиже береді?

– Осы жерде балалардың ынталары жақсы екенін айтып өтейін. «Біз – өмірдің гүліміз», «Еркем-ай» сынды әндерді және «Кеңес» күйін бір ай ішінде үйренді. Сонымен қоса қызығушылықтарын ояту үшін ағылшын тіліндегі «Jingle bells» әнін домбырамен сүйемелдеп орындау туралы тапсырма берген ем. Оларға музыкасы бұрыннан жатық болғандықтан, тез қағып алды, қызығушылықтары арта түсті.

– Сіз бұған дейін де талай шәкіртті қанатыңыздың астына алып, ұлттық өнерге баулып жүрген ұстазсыз. Сіздің ойыңызша, балаға домбыраны қай жастан бастап үйреткен жөн?

– Иә, 20 жылдан аса уақыт балаларды ұлттық аспапқа үйретіп келемін. С.Сейфуллин мектебінде қызмет еттім. Қазір Д.Нұрпейісова атындағы балалар өнер мектебінде домбырадан сабақ беремін. Тәжірибелі ұстаз ретінде ата-аналарға балаларын 8-9 жастан бастап домбыраға бергендері дұрыс екенін айтамын. Осы уақытта олар тез қабылдайды.

–  Бұдан бірнеше  жыл бұрын Ресейде де ұлттық аспабымызды меңгеруге құмар қазақ жастарының бар екенін айтып, оларға ғаламтор арқылы болса да сабақ жүргізуге дайын
екеніңізді айтқан едіңіз. Бүгінде көрші елдегі сол өнерпаздармен байланыстасыз ба?

– Дұрыс айтасыз, төрт жыл бұрын оқу сапарымен барғанымда Саратовтағы қазақ жастарының қазақ тілін білмегені, қойған сұрағыңа жауап бере алмағаны жаныма батты. Сонда болған уақытымды пайдаланып, домбыраны білетіндер бар ма екен деп іздегенім бар. Сұрастыра келе Жазира Жақсыбаева деген әріптесімнің домбыра курсын ұйымдастырып отырғанын білдім. Оның шағын орынжайына барып, танысып, шеберлік сабағымды жүргіздім. Байланысымыз әлі үзілген жоқ. Әдістемелік материалдар, кітаптар, сұраған аспаптарын, ұлттық киімдерді жіберіп көмектесіп тұрамын. Одан кейін олар қазақ тілін оқыту курсын қолға алды. Қазір тоғызқұмалақ үйірмесі де ұйымдастырылуда. Ерболат Өтешев деген азамат орын-жайды ұйымдастырып, қолдау көрсетіп отыр. Бүгінде оқушылармен қатар, үлкендер де сол орталыққа барып жүр.

– Ұлттық аспапты мектеп бағдарламасына оқу пәні ретінде енгізу ұсынылды. Мұның
қажеттілігі бар ма?

– Әрине, домбыраны үйрену әркімге қолжетімді болғаны жөн. Бірақ мектепке пән ретінде енгізу міндетті емес. «Домбыраны әр қазақ тарта білуі керек» деген оймен де келісе алмаймын. Орындаушының тыңдаушысы да болуы керек. Өскелең ұрпақты жаппай домбыраны үйретуден бұрын, оларды домбыраның үнін тыңдауға, күй тарихын білуге, шығармаға қатысты пікір айтуға үйреткеніміз дұрысырақ. Теледидар, радио арқылы домбыраның насихатталуы көңіл көншітпейді. Неге апталық акциялар ұйымдастырып, қоғамдық көліктерде жыр-термелерді жібермеске? Неге көшелерде, сауда орталықтарында күйлер төгіліп тұрмайды?

– Сөз соңында ұлттық келбетімізді әлемге танытудағы домбыраның ұлықталуы туралы
өз ойыңызды білсек.

– Қадыр ақын айтқандай, «нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» екені рас. Алайда, домбыраны насихаттауға келгенде у-шу флешмоб немесе топтанып домбырада ойнау не концертпен шектелеміз. «Домбыра» күнінде – домбыраны өзгелерге сыйлаймыз. Ал домбыраның шын жанашыры болсақ, басқа мәселелерге назар аударуымыз керек. Домбыраны жасауда ағаш материалдарының жетіспеушілігіне, киелі аспаптың сапасыз дайындалуын тоқтатуға көңіл бөлу керек. Домбыраны зерттеу орталығын ашу аса қажет. Шеберлер орталығы да аз бізде. Ал оның бәрін жүзеге асыруға  көлемді қаражат қажет. Ауруды емдемейтін, уақытша басатын дәрі бергендей, домбыраны ұлықтауды флешмобпен немесе концертпен ғана өткіземіз. Одан біздің басты проблемаларымыз жойылмайды. Киелі аспаптың кейпін бұзбай, қоңыр үнінің сақталып жасалуын зерттейтін академиялық орталық ашылуы керек. Сапасыз домбыралар қаптап кеткені шындық. Құндылығын түсіріп жібергеніміз сонша, түрмеде де дайындалып, пойыздың ішінде де сатылуда.  Домбыраны әр шебердің дайындауына жол бермей, сертификат беріп, солардың ғана домбыраны жасауына рұқсат беру керек.

Домбырашы-ұстаз Мұхит Айтқалиев көзі тірісінде «Күй – қазақтың құпия қаруы» деген еді. Расында домбырадан күй төгілгенде кез келген қазақтың жүрегі елжіреп, бойына қуат береді. Соны ескере отырсақ, қазақтың басын біріктіруде домбыраның рөлі зор. Әлемнің әр түкпіріндегі қандастарымыз домбырамен әуелетіп, мейрамдарда күй тартып отырса нұр үстіне нұр болары анық. Біз соған қолдау көрсетіп, олардың аспапты үйренуіне септессек деген үміттемін.

– Бұл орайда жақсы бастаманы өзіңіз бастадыңыз, мемлекеттік деңгейде қолдаушылар да табылар деп сенеміз.

– Бұйырса, осы 10 баланы оқытып-тәрбиелеп, пандемия аяқталып, жақсы күндеріміз қайтып келсе, АҚШ-қа барып, қолдарына қазақтың сазсырнай, сылдырмақ, шаңқобыз сынды аспаптарын ұстатып, ансамбль ұйымдастырсам деген арманым бар.


– Әумин, сол күнді көруге жазсын!

Сұқбаттасқан Эльмира НҰҒМАНОВА
«Жайық үні
»

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
148 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
333 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
588 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
667 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
770 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
779 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
798 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
815 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
914 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1141 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1456 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1338 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1444 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1437 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1566 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1612 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1558 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1568 0
Қалалықтар қаперіне
Биыл елімізде әскери шеру өткізілмейді
03 Сәуір 2024
1676 0
Қалалықтар қаперіне
Тасқыннан зардап шеккендерге көмектесуде
30 Наурыз 2024
2133 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»