«ЖЫЛ ҮЗДІГІ – 2018» ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫ
Батыс Қазақстан облысында «Жыл үздігі» жастар сыйлығы байқауы он жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Дәстүрлі байқаудың мақсаты – жастарды Отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, жастардың елдің қоғамдық-саяси, мәдени, экономикалық өміріне деген белсенділігін арттыру, дарынды жастарға қолдау көрсету. Биылғы жылы үздіктер 10 негізгі және екі арнайы аталым бойынша анықталады. Бүгін БҚО өңірлік коммуникациялар ақпарат алаңында өткен баспасөз мәслихатында БҚО бойынша «Болашақ» қауымдастығының директоры Салтанат Тұманбаева байқау шарттарын таныстырды.

Атап айтқанда, үміткерлер«Жас көшбасшы», «Студент», «Жас мұғалім», «Жас ғалым», «Өнерпаз жас», «Жас дәрігер», «Жас спортшы», «Жас маман», «Журналист», «Кәсіпкер» және «Қайсарлығы мен батылдығы үшін», «Жыл жаңалығы» аталымдары бойынша іріктеледі. Қатысушылар 14 пен 29 жас аралығындағы облыс жастары болуы тиіс (құжат тапсыру кезінде 28 жастан аспауы қажет). Қатысушылардың тек 2018 жылғы жетістіктері қаралады. Батыс Қазақстан облысы жастар премиясының жеңімпаздары арнайы құрылған комиссия шешімімен анықталмақ. Комиссия құрамында байқауды ұйымдастырушылар, әр салаға сәйкес сарапшылар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болады.
Алдыңғы жылдары бір аталым бойынша лауреат және дипломанттар анықталған болса, биыл тек лауреттар ғана марапатталады. Үздіктерге арнайы мүсін сыйлығы мен 100 мың теңге сыйақы беріледі.
Байқауға қатысу үшін құжаттар 7 желтоқсанға дейін Ж.Молдағалиев көшесі 19 мекенжайындағы «Болашақ» қауымдастығының кеңсесінде қабылданады. Үздіктердің есімі Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында анықталып, салтанатты түрде марапатталады.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу