ОҚУШЫЛАР ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
Шомылу маусымына дайындық аясында «ҚР ТЖМ БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал.қ)» ММ Жедел-құтқару жасағы №32 жалпы орта білім беретін мектептің оқушыларына есігін айқара ашты. Оларға жасақтың оқу-жаттығу базасының аумағында экскурсия өткізілді.
Экскурсия барысында балаларға жасақтың құрылу тарихы таныстырылды. Арнайы техника мен авариялық-құтқару жабдықтары, сүңгуір жабдықтары мен құтқару құралдары көрсетілді.
Құтқарушылар оқушыларға суға шомылу кезеңіндегі су айдындарындағы қауіпсіздік пен мінез-құлық ережелері, зардап шеккендерді құтқару және дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету тәсілдері туралы айтып берді. Сонымен қатар құтқарушылар жасақтың күнделікті жұмысы, құтқарушы мамандығының маңыздылығымен бөлісті.
Оқушылар оқу-жаттығу полигонында альпинистік жабдықтарды пайдалана отырып, құтқарушылардың практикалық сабақтарының куәсі болды, отрядтың кинологиялық қызметінің қызметтік иттерімен танысты.
Құтқарушылар балаларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап беріп, судағы қауіпсіздік бойынша жадынамалар таратты.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Пікір үстеу