8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Қараша 2018 2926 0
Қалалықтар қаперіне

ЕКІ КҮНДЕ 20 КӨЛІК АЙЫП ТҰРАҒЫНА ҚОЙЫЛДЫ

Жол-көлік оқиғаларының жиілеуіне байланысты Орал қаласында «Қауіпсіз жол» атты  жедел алдын-алу шарасы өткізілуде.

    

Бір ай бойы жол инспекторлары Орал қаласының  орталық көшелерінде, көлік ағыны толастамайтын «Саяхат» қонақ үйі ауданында, көп сыйымдылықты көліктер қозғалысы орын алатын тас жолдарда рейд жүргізеді. Іс-шараны өткізуге 300 қызметкер жұмылдырылған.

Айлық басталған екі күні ішінде 500-ден аса ереже бұзу факісі тіркелді. 53 жүргізуші белдікті тақпағандары үшін, 15 жүргізуші мас күйде көлік басқарған. 136 жүргізушінің жылдамдықты асырғандары анықталды. 20 жүргінші белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп жол ережесін бұзған.  Жүргізушілердің түрлі құқықбұзушылықтары үшін 20 көлік айып тұрағына қойылған.

Жол қауіпсіздігі ережелерін  бұзушылықтарды және басқа да құқық бұзушылықты анықтау мен жолын кесу бойынша учаскелік полиция инспекторлары мен полицияның басқа да қызметкерлерін тарта отырып, қалаға жақын орналасқан  Круглоозерное, Серебряков, Деркөл, Коминтерн, Желаев ауыл жолдарында да рейдтік іс-шаралар жүреді. Көлік инспекциясы өкілдері мен жергілікті атқарушы органдар  бірлесіп  такси жүргізушілері тарапынан орын алатын жол қозғалысы ережелерін   бұзуды анықтау, жолын кесу үшін тексерістер ұйымдастырады.

Бүгінде жол-көлік апатының өршіп тұрғаны жасырын емес. Қаншама адам жол апатынан қаза тауып, әр түрлі деңгейде дене жарақатын алғандары да бар. Осындай себептердің алдын алу мен  қара жол үстіндегі оқиғалардың жолын кесуді көздеген, жол қозғалысына қатысатын жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілеріне арналған шара 6 желтоқсанға дейін жалғасады.

Жайық үні

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
8 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
22 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
28 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
89 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
68 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
80 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
149 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»