ЕКІ КҮНДЕ 20 КӨЛІК АЙЫП ТҰРАҒЫНА ҚОЙЫЛДЫ
Жол-көлік оқиғаларының жиілеуіне байланысты Орал қаласында «Қауіпсіз жол» атты жедел алдын-алу шарасы өткізілуде.

Бір ай бойы жол инспекторлары Орал қаласының орталық көшелерінде, көлік ағыны толастамайтын «Саяхат» қонақ үйі ауданында, көп сыйымдылықты көліктер қозғалысы орын алатын тас жолдарда рейд жүргізеді. Іс-шараны өткізуге 300 қызметкер жұмылдырылған.
Айлық басталған екі күні ішінде 500-ден аса ереже бұзу факісі тіркелді. 53 жүргізуші белдікті тақпағандары үшін, 15 жүргізуші мас күйде көлік басқарған. 136 жүргізушінің жылдамдықты асырғандары анықталды. 20 жүргінші белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп жол ережесін бұзған. Жүргізушілердің түрлі құқықбұзушылықтары үшін 20 көлік айып тұрағына қойылған.
Жол қауіпсіздігі ережелерін бұзушылықтарды және басқа да құқық бұзушылықты анықтау мен жолын кесу бойынша учаскелік полиция инспекторлары мен полицияның басқа да қызметкерлерін тарта отырып, қалаға жақын орналасқан Круглоозерное, Серебряков, Деркөл, Коминтерн, Желаев ауыл жолдарында да рейдтік іс-шаралар жүреді. Көлік инспекциясы өкілдері мен жергілікті атқарушы органдар бірлесіп такси жүргізушілері тарапынан орын алатын жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау, жолын кесу үшін тексерістер ұйымдастырады.
Бүгінде жол-көлік апатының өршіп тұрғаны жасырын емес. Қаншама адам жол апатынан қаза тауып, әр түрлі деңгейде дене жарақатын алғандары да бар. Осындай себептердің алдын алу мен қара жол үстіндегі оқиғалардың жолын кесуді көздеген, жол қозғалысына қатысатын жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілеріне арналған шара 6 желтоқсанға дейін жалғасады.
Жайық үні
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру
Пікір үстеу