КОРОНАВИРУС: БҚО-ДА БІР АПТАДА АУРУШАҢДЫҚ 20,8 ПАЙЫЗҒА ӨСТІ
Бүгін, 26 наурыз күні өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО санитариялық эпидемологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Ермеков Батыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді.

1 наурыздан бері облыста COVID-19 инфекциясының 1589 жағдайы анықталды. Аталған жағдайлар ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген 687 адамда (43,2%), жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде 538 адамда (33,8%), профилактикалық мақсатта тексерілген 271 адамда (17%) және стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында сынама алынған 93 адамда (5,8%) анықталған. 1 наурыздан КВИ жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста болған 3319 адам медициналық бақылауға алынып отыр.
Соңғы аптада, яғни 19-25 наурыз аралығындағы аурушаңдық деңгейі өткен аптадағы – 12-18 наурыз аралығындағы кезеңмен салыстырғанда 20,8%-ға байқалған. Нақтырақ айтқанда, бір аптада аурушаңдықтың тіркелуі 411-ден 519-ға жеткен.
Кәсіби құрамы бойынша коронавирус инфекциясы жұмыс істейтін адамдар, зейнеткерлер, жұмыс істемейтіндер арасында көбірек. Сондай-ақ оқушылар арасында жиі тіркелуде. Оқу жылы басталғалы 608 оқушы COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Оның 324-і – мектепте дәстүрлі форматта оқитын, 284-і – қашықтан оқитын оқушы. 11-25 наурыз аралығында қала және аудандардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қаулысымен 8 мектептегі 15 сынып және Тасқала ауданындағы 1 мектеп карантинге жабылды.
Өткен тәулік ішінде (25.03.2021ж.) коронавирустық инфекциямен 48 жағдай тіркелен.
Айта кетейік, облысымызда 1 қаңтар мен 25 наурыз аралығында коронавирустық инфекциямен барлығы 5376 жағдай тіркелген, оның ішінде 3180 жағдайда ауру белгілері бар болса, 2196 жағдайда ауру белгілері жоқ. Қаңтар айында 1837 жағдай, ақпан айында 1950 жағдай, наурыз айында 1589 жағдай тіркелді.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу