БҚО-ДА ЕКІ КӨЛІК МҰЗ АСТЫНА ТҮСІП КЕТТІ
Оқиға бүгін, 25 наурыз күні түс уақытында болған.

БҚО ТЖД-ға сағат 11.06-да Ақжайық ауданының Қабыршақты ауылы тұсында Көшім каналына Mitsubishi Pajero автокөлігі мұз астына түсіп кеткені жөнінде хабар түскен. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс атқарып жатқан уақытта – сағат 13.48-де Уаз Патриот маркілі автокөлігі мұз астына түсіп кеткені анықталды. БҚО ТЖД құтқарушыларының жедел қимылы арқасында мұз астына түсіп кеткен автокөліктен екі адам шығарылды.
Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі оқиғада да зардап шеккендер жоқ.
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарына мұзға шыққанда өте мұқият болуды және қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін ескертеді. Сала мамандарының мәліметінше, қалыңдығы кемінде 10 сантиметр мұз бір адам үшін, 12 сантиметрдегі қалыңдық бір топ адам үшін қауіпсіз. Ал жаяу жүргіншілер үшін 15 сантиметр, автокөліктер үшін 30 сантимертрден аса қалыңдық болуы керек. Мұз тез ағатын, су басатын және ағын су жүретін жерлерде, сондай-ақ су өсімдіктері өсетін жерлерде, ағаштар мен қамыстың жанында берік болмайды. Егер ауа температурасы 0 градустан жоғары болса, онда мұздың беріктігі 25 пайызға төмендейді.
Мұздың беріктігін көзбен шолып анықтауға болады. Мөлдір көк, жасыл реңктегі мұз – берік, ал ақ түсті мұздың беріктігі 2 есе аз. Сұр, күңгірт ақ немесе сары реңктері бар мұз сенімді емес, мұндай мұз тез жарылып кетеді.
Әсіресе, қардың қалың қабатымен жабылған жерлерде, бұлақтардың тез ағатын және шығатын жерлерінде, бұталардың, шөгінділердің, шөптердің бетінен шығатын жерлерде, бұлақтардың су қоймаларына құятын жерлерде абай болу керек.
Мұзда балық аулау кезінде жақын жерден бірнеше ойықтарды тесуге болмайды. Қиындықты болдырмас үшін балықшыда құтқарушы жилеті, сондай-ақ ұзындығы 15-20 метрлік бір ұшында ілмек және екіншісінде 400-500 г жүкпен арқан болуы керек.
Мұзды суға түскен адам 10-15 минуттан кейін қатайып, 20 минуттан кейін есін жоғалтуы мүмкін. Сондықтан зардап шегушінің өмірі құтқарушылардың іс-қимыл жылдамдығына байланысты.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу