«ЗАМАНАУИ ТАКСИ ҚЫЗМЕТІ» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУШЫЛАРҒА МЕМЛЕКЕТ ЖЕҢІЛДІКТЕР ҰСЫНАДЫ

«Үлкен қалаларда такси қызметінің маңыздылығы қоғамдық автобустардан кем емес. Тек қалада емес, заманауи таксилер облыс аудандарына да қажет. Облысымызда жолға шықпас бұрын медициналық тексеруден өтетін сыпайы жүргізушілері, жолаушыларды сақтандыру полисі мен қолжетімді тарифтері бар таза, әрі қауіпсіз такси қызметі жетіспейтіні белгілі. Басқа қалалардағыдай эконом, комфорт, бизнес санаттары бойынша көліктер болуы керек. Егерде осы жобаны іске асырамын деушілер болса, мемлекет өз тарапынан кейбір жеңілдіктер жасауға дайын» – деп жазды облыс басшысы.
Атап айтқанда, Мемлекеттік мекемелер ғимараттары, әуежай, теміржол вокзалы алдында, жол бойында арнайы ақысыз автотұрақ беру, автобустарға бөлінген жолақтармен жүруге рұқсат беру, Қазақстанда жасалған автокөліктерді лизингке беру. Сондай-ақ Ғали Нәжімеденұлы бірқатар мемлекеттік мекемелер және оларға қарасты ұйымдар қызметтік көліктен бас тартып, жеке такси компанияларға қызмет көрсетуге арналған ұзақ мерзімді мемлекеттік тапсырыс беретінін атап өтті.
«Менің ойымша, егер аталған критерийге сай такси пайда болса, онда көптеген жеке компаниялар өздерінің қызметтік көліктерінен бас тартады. Елордада қызмет еткенде, біз қалалық әкімдік қызметкерлерін қызметтік көліктен таксиге көшірдік. Нәтижесінде мемлекеттік бюджетті 55 пайызға үнемдедік және жұмысшылардың еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар жергілікті такси компаниялары 5 жылға кепілдендірілген жұмысқа тапсырыс алды. Басқа да жеңілдік түрлерін бірге талқылауға дайынбыз», – деп жазды БҚО әкімі.
Егер осы жобаға қызығушылық танытқандар немесе қаладағы такси қызметін реттеу бойынша ұсыныстар болса, Орал қаласы әкімінің орынбасары Көлбаев Асхат Есмұханұлына (+7 701 711 96 87) хабарласуға болады.
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу