СУ ТАСҚЫНЫ БҚО-ДАҒЫ 85 ЕЛДІМЕКЕНГЕ ҚАУІП ТӨНДІРУІ МҮМКІН
Көп жылдық мониторингке сәйкес Батыс Қазақстан облысы бойынша 36 мыңнан астам халық тұратын 85 елдімекен су тасқыны қаупіне ұшырайды. Ең қауіпті аумақтар – Орал қаласы, Тасқала, Казталов және Бәйтерек аудандары. Көктемгі су тасқыны қардың қарқынды еруімен байланысты айтарлықтай жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО ТЖД бастығы Жасұлан Жұмашев су тасқынын алдын алуға дайындық туралы айтып берді.

Департамент бастығының сөзінше, елдімекендерді су басу қаупінің 3 деңгейі анықталып отыр. Өңірде су басудың жоғары деңгейі 27 елді мекенге қауіп төндіреді, 50 елдімекенге орташа деңгейде қауіп бар. Ал сегіз елдімекенге төменгі деңгейде қауіп болады.
Облысымызда көктемгі су тасқыны ірі трансшекаралық өзендердің табиғи ағынына ғана емес, сонымен қатар Ресей Федерациясының аумағында орналасқан су қоймаларынан жібірлетін су көлеміне де байланысты. Осы мақсатта РФ әріптестерімен, атап айтқанда Саратов және Орынбор облыстарымен су тасқыны жағдайы бойынша Ириклин және Варфоломеев су қоймаларын қауіпсіз және өзара тиімді пайдалану мәселелері бойынша өзара болжамдық және жедел ақпарат алмасу тұрақты негізде жүргізіледі.
Бүгінгі таңда «Қазгидромет» филиалының мәліметі бойынша қардың максималды биіктігі 31 см құрайды, топырақтың қату көрсеткіші 35-69 см. Утва, Чижа-2, Өлеңті және Шідерті өзендерінің бассейндерінде ылғал қорының көлемі қалыптышегінде, Деркөл және Шаған өзендерінің бассейндерінде көп жылдық көрсеткіштерден 13-16 пайызға төмен. Қазіргі уақытта қар жинау процесі жалғасуда. Су тасқынының соңғы болжамы наурыздың бірінші онкүндігінде күтіледі.
Су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Батыс Қазақстан облысының аумағында іс-шаралар кешені жүргізілуде. Облыс әкімі 2021 жылғы су тасқыны кезеңіндегі ТЖ алдын алу жоспарын бекітті. ТЖ жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өткізіліп, тасқын суларды апатсыз өткізу үшін барлық қажетті шараларды қабылдау туралы облыс әкімінің өкімі жіберілді, су тасқыны жағдайының ықтималдығы көрсетілген картасында облыс әкімінің шешімі әзірленді, облыстық, қалалық және аудандық су тасқынына қарсы комиссиялар мен штабтар құрылды. Мүдделі қызметтердің мамандары су тасқыны кезеңінде еріген қар суымен басу қаупі бар учаскелерін тексеру жүргізуде.
– Су тасқыны кезеңінің бірінші кезеңі еріген қар судың өтуі болып табылатынын ескере отырып, бірінші кезекте аула аумақтарын, көшелер мен әлеуметтік, коммуналдық объектілер аумақтарын еріген қар суы басу қаупі туындайтынын атап өту қажет. Еріген қар суымен басу себептерінің бірі – қарды уақтылы жинамау. Осыған байланысты, облыс тұрғындары, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары аулалардан және көрші аумақтардан қар шығару жұмыстарын жүргізіп, еріген судың еркін ағуы үшін арықтар жасауы қажет. Сондай-ақ, жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін шатырларды қардан және сүңгілерден тазарту жұмыстарын жүргізу қажет, – деді Жасұлан Қыдырғожаұлы.
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 505-бабына сәйкес аумақты абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін, оның ішінде қарды уақтылы жинамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бүгінгі күні облыста аумақты абаттандыру барысында қарды уақытылы жинамау фактілері бойынша 22 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу