BIM ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЕНГІЗУ: ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ ОҚЫТУ ӨТТІ
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында кәсіптік білім беру саласына 3D жобалау үлгісінде BIM технологиясын енгізу мақсатында мамандарды дайындайтын оқытушыларды оқыту жұмыстары жалғасуда. Үш айлық жоба шеңберінде бүгін Финляндиялық «Сollaprime» компаниясымен онлайн байланыс режимінде тренинг ұйымдастырылды.

«Collaprime» – интеллектуалды 3D үлгілерін пайдалану негізінде ақпараттық модельдеуді құруды қамтитын бағдарламалық жасақтаманы әзірлейтін жетекші фин компаниясы. 2016 жылы Финляндиядағы BIM-технологиялар саласындағы ең үздік BIM-жобасының жеңімпазы, «Global» сыйлығының лауреаты атанған. Қазіргі уақытта, компания BIM-технологиялары бойынша шамамен 50 жобаны аяқтаған.
Финляндиялықтардың тәжірибесін еліміздегі кәсіптік білім беру саласына енгізу жобасына қатысты жұмыстар 2017 жылы басталған болатын. Республика бойынша өңіріміз, соның ішінде Орал мұнай, газ және салалық технологиялар колледжі алғашқылардың бірі болып финдіктермен келісім жасады. Бұған облыс әкімдігі қолдау көрсетіп отыр.
Жобаны енгізудегі алғашқы бағыт бойынша қыркүйек айында финдік компания өкілдері технологияның маңыздылығы, қолданылуы жөнінде бір апталық семинар ұйымдастырған болатын. Екінші бағыт бойынша компанияның сарапшылары онлайн режимінде оқытуды жалғастыруда.
– Финдік сарапшылардың платформасы арқылы тікелей байланысқа шығып, олармен бірге оқудан өтудеміз. Жобаның үшінші бағыты – қарашаның ортасына жоспарланған. 6 мұғалім бұған дейін алған білімдерін Финляндияға барып, аталмыш компанияда жетілдіретін болады, – дейді колледж директорының орынбасары Ләззат Рамазанова.
2020 жылдан бастап еліміз еуропалық құрылыс нормаларына негізделген жаңа құрылыс нормаларына өтеді. Сондықтан оқыту үдерісіне ақпараттық модельдеу технологиясының (BIM) енгізілуі еңбек нарығына бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға септігін тигізері анық.
– 3D жобалауды енгізу құрылыс, мұнай-газ саласындағы жобалау жұмыстарын тиімді жүргізуге жол ашады. Бұл үлгіде дайындалған жобалардың ішкі көрінісін тапсырыс беруші визуалды түрде көре алады және өзгерістерін енгізуіне мүмкіндігі болады. Бұл келешегі бар жоба. Болашақта біздің оқу орнын аяқтаған мамандар 3D жобалауды өндірісте қолдана алады деп сенеміз. Финляндиялықтар қазір өндірісте 5D, 7D жобаларды қолдануда. Біздер де сол күнге жетеміз деп ойлаймын, – дейді оқу орны директоры Серік Мұхамбетәлиев.
Айта кетейік, жаңа жобаны енгізу үшін облыстық бюджеттен 133 млн. теіге бөлінген. Қараша айының соңына дейін финдік компания ВІМ-технологиясымен жұмыс істейтін құрал-жабдық әкеліп, колледж базасына орнатпақ.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу