«ЖОМАРТ ЖҮРЕК – 2018» – ТУҒАН ЖЕРІН БАҒАЛАҒАН, ТАЛ-ТЕРЕГІН АЯЛАҒАН…
Жомарттықты жолдас, мәрттікті жанына серік ете білген азаматтар қоғамда аз емес. «Жылдың әлеуметтік жауапты ұйымы», «Жүректен жүрекке», «Туған өлке», «Алтын ұя», «Батыл жүрек», «Жыл меценаты». Бұл – туған өлкенің дамуына үлес қосып, ізгілікті істен қалыс қалмай, қолында бар мүмкіндікпен бөлісіп жүрген жандарға берілген баға. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өңірімізде екінші мәрте ұйымдастырылған меценаттар форумында оларға құрмет көрсетіліп, «Жомарт жүрек» сыйлығы табысталды.

Салтанат сарайында өткен марапаттау шарасы «Туған жер» бағдарламасы аясында Орал қаласы мен аудандарда меценаттардың және мектеп түлектерінің демеушілігімен жүзеге асырылған әлеуметтік жобалар көрмесінен бастау алды. Әр аудан-ауылда ауыз толтырып айтарлықтай игі істер жетерлік. Мәселен, Зеленов ауданында меценаттар мен мектеп түлектері 13 400 мың теңгеге 7 жобаны іске асырған. Жәнібек ауданы бойынша 23 млн. 543 мың теңгеге 20 жоба аяқталған. Аудан тұрғындары бірігіп, сол жерде дүниеге келген ақын, қоғам қайраткері Ғұмар Қарашқа кесене тұрғызса, 1998 жылғы мектеп түлектері Кеңес Одағының батыры Е.Ниетқалиевке кеуде мүсін орнатқан. Жақсыбай ауылы тұрғындары Жақсыбай мен Еңбек ауылдары аралығындағы жол құрылысын жүргізген. Қаратөбеде ел игілігі үшін 30 236 мың теңгелік 32 жоба жасалған. «Досжан» шаруа қожалығының жетекшісі Досжан Ізім ауылдық клубқа күрделі жөндеу жүргізіп, Айбек Өтеғалиев есімді кәсіпкер Сулыкөл ауылына спорт алаңын сыйлапты. Жомарттық танытып, туған жерді гүлдендіруде көпшілікке үлгі болып жүрген Қазталов ауданында биыл 37 жоба жүзеге асырылған. Оған меценаттар мен мектеп түлектері 65 500 мың теңге жұмсаған. Орал қаласында 121 831 мың теңгеге 4 жоба аяқталыпты. Жалпы «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында биыл облыс аумағында 134 меценаттың қатысуымен 166 жоба мен түрлі деңгейде шара өткізілген. Оның 138-і ауылдық округтерде, 20 жоба аудандық деңгейде, сегізі облыс орталығында жүзеге асқан. Осы жобалардың басы-қасынан табылып, «Елімнің маған емес, менің еліме берерім көп болуы тиіс» деген ұстанымдағы атамекеннің абыройын асқақтатып жүрген кең жүректі жомарт жандарға облыс әкімі Алтай Көлгінов шынайы алғысын білдірді.
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деп атап өтті. Ел тарихы тұлғалар арқылы жасалынатынын ескерсек, Ақ Жайық өңірінде көптің алғысына бөленіп жүрген жандар жеткілікті. Ағайынға болысу, әлсізді демеу, жасы кішіні қолдау – азаматқа тән мейірімділік пен кеңдіктің көрінісі. Қазіргі таңда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы алты принципке негізделіп, алты арнайы жоба, алты кіші бағдарлама арқылы жүзеге асырылуда. Аз ғана уақыттың ішінде қыруар жұмыс атқарылды. Ең бастысы, туған өлкесін дамытуға белсене кіріскен жандардың қатары көбеюде. Облыс бойынша 60 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Әсіресе өңір меценаттары спорт, денсаулық, білім салаларына көбірек көңіл аударып келеді. Әр елдімекенде спорт кешенін, балалардың ойын алаңдарын салу, мектептердің арнайы кабинеттері мен материалдық-техникалық базасын жаңарту, аудандық музейлерді толықтыру, жөндеу жұмыстарын жүргізу, ескерткіштер орнату секілді шаралар атқарылуда, – деді Алтай Сейдірұлы.
Өңірдің белді бизнесмендері өлкені көркейту мен инфрақұрылымын жақсарту жобаларын жүзеге асырса, жастар да ұйымдастырушылық қабілеттерімен ізгі амалдардың жаршысы бола білген. Бұған республикалық қорлардың да көмегі тиюде. «Самұрық Қазына Траст» компаниясының әлеуметтік жобаларды дамыту қоры өңірімізде инфрақұрылым жүйесін дамытуда, әлеуметтік нысандарды жаңғыртуда. Олар 12 спорттық және ойын алаңдарын салып, 3 коррекциялық мектеп пен 20 жалпы білім беретін мектептерді спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етсе, «Асыл мирас» қайырымдылық қоры аутизм дертімен сырқаттанған балаларды қоғамға бейімдеуге қолдау көрсетіп, орталық ашуға ұйытқы болды. Шара барысында белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева жастардың шынығуына, медициналық және психологиялық көмек алуына қолдау көрсеткен астаналық меценаттарға ерекше рахметін айтты. Өңіріміз үшін игілікті істерді жасаған «Самұрық-Қазына Траст» басшысы Ахметжан Есімов «Әлеуметтік салаға қосқан үлесі үшін» аталымымен, «Асыл мирас» қорының құрылтайшысы Болат Өтемұратов «Жүректен жүрекке» аталымымен марапатталды.


Бірқатар әлеуметтік нысандарды жүзеге асырып, соның ішінде киелі нысандардың бірі саналатын «Жайық қалашығының» кіреберісін салуға үлес қосқан «Құрылыс Тайм Контракт» ЖШС директоры Сержан Айтжан мен «Отдельстрой» ЖШС директоры Валентина Михно, Орал қаласының көркеюі үшін өз қаражатына тынымбақ салып берген «Батыс Пауэр» ЖШС директоры Жасұлан Жақыпов және БҚО ҚХА этно-мәдени орталықтары «Туған өлке» аталымы бойынша марапатқа ие болды. Әлеуметтік саланың дамуына қаржы бөліп, жалғызбасты аналарға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және балалар үйлеріне қолдау көрсетіп жүрген «Конденсат» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Валерий Жүнісов «Алтын ұя», маңызды қайырымдылық шаралардың бас демеушісі боп жүрген «UNISERV» ЖШС-ның бас директоры Нұрғазы Сәтбаев «Жылдың әлеуметтік жауапты ұйымы» аталымымен марапатталды. Ауылдарына фельдшерлік акушерлік пункт салып берген Қазталов ауданы Әжібай ауылының тумасы ағайынды Срәлиевтер – «Жыл азаматы» аталымын иеленді. Ал ағымдағы жылдың 5 мамырында суға батып бара жатқан 3 жасар сәбиді құтқарған Қазталов ауданы Қошанкөл ауылы Ғ.Бегалиев орта мекебінің 7-сынып оқушысы Нұрдәулет Айболатов «Батыл жүрек» аталымымен марапатталды. Орал қаласында сал ауруына шалдыққан, соның ішінде ерекше көмекті қажет ететін жандарға арналған сауықтыру, бейімдеу үйінің құрылысына қаржылай көмек көрсеткен бір топ облыс кәсіпкерлері «Жылдың қайырымды адамы» номинациясын иеленді. Ал «Автокомбинат» ЖШС директоры Валерий Голоухов «Жыл меценаты» атанды.
Валерий Голоуховтың облысымыздың өркендеуіне қосқан үлесі зор. Меценат жыл сайын әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетіп келеді. Ал «Туған жер» жобасы аясында биыл Еуразия көшесі бойынан өз қаражатына workout және балалар ойын алаңымен тынымбақ салып, «Қала күні» мерекесінде шаһар тұрғындарына сый жасаған болатын. Сондай-ақ Теректі ауданында «Тақсай ханшайымы» мавзолейінің құрылысына айрықша үлес қосты.
Қолында барын халықтың игілігіне, қайырымдылыққа жұмсап, көмегін аямаған жаны жайсаң жандарға атқарушы биліктің айтар алғысы шексіз. Олар қандай қошеметке де лайық. Игі ісімен көпке үлгі меценаттарды құттықтау рәсімінде жергілікті өнерпаздар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» жастар сыйлығының иегері Айгүл Иманбаева, жерлесіміз, әнші-тележүргізуші Қазбек Қасым әсем әндерін тарту етті.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру
Пікір үстеу