8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Ақпан 2021 1402 0
Дені сау ұлт

ЛОКДАУНСЫЗ ӨМІРГЕ ОРАЛУ ҮШІН ҚАНША ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАКЦИНА АЛУЫ КЕРЕК

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов локдаунсыз өмірге оралу үшін қанша қазақстандық вакцина алуы қажет екенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордадағы №6 қалалық емханада ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирусқа қарсы вакцина  салдырды.

Тілшілер бас санитардан вакциналаудың қандай оң әсері болатынын сұрады.

«Егер халықтың кем дегенде 50%-ы вакцина алса, иммундық қабат пайда болады. Осылайша, еш шектеусіз, карантинсіз, локдаунсыз қалыпты өмірге орала аламыз. Вакциналаудың ең басты нәтижесі осы болады», – деп жауап берді Ерлан Қиясов №6 қалалық емханада тілшілерге берген сұхбатында.

Сонымен бірге, Е. Қиясов жыл соңына дейін 6 миллион адамды вакцинамен қамтамасыз ету жоспарланғанын атап өтті.

«Жалпы, егу жұмыстары үшін 10 миллион азаматқа дейін есептелген сандарды алдық. Бәрінің вакцина алғанын қалар едік, өйткені коронавирустың қандай қауіпті инфекция екенін білесіздер. Барлығын вакцина алуға шақыруға тырысамыз», – дейді Е. Қиясов.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
77 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
118 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
394 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
413 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
388 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
433 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»