БЕС АВТОКӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ОРЫН АЛДЫ
Жол-көлік оқиғасы туралы БҚО Полиция Департаментінің кезекші станциясына сағат 10.39 шамасында хабар түскен.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолында, нақтырақ айтқанда Ақжайық ауданының Алғабас ауылы тұсында Lada granta,Volkswagen Passat, Toyota Camry, ВАЗ -2114, Chevrolet Aveo маркілі бес автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған.
БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Болатбек Белгібековтің мәлімдеуінше, Chevrolet Aveo қарсы жолаққа шығып кетіп, қарсы келе жатқан Lada Granta көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Lada Granta көлігіндегі 1962 жылғы жолаушы оқиға орнында көз жұмды және үш адам әр түрлі жарақатпен Ақжайық ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 345-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айта кетейік, қаңтар айы басталғалы Батыс Қазақстан облысы аумағында 12 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, бес адам көз жұмған және жарақат алғандар бар.
Полицейлер жол қозғалысына қатысушыларға жол ережелерін сақтауды және қазрігі уақытта ауа-райының құбылуына байланысты жолда қырағы болуды ескертеді.
Полиция қызметкерлері қазіргі уақытта билік және құқық қорғау органдары тарапынан жүргізіліп жатқан жолды жүйелі жоспарлау, жылдамдықты жоғарылатумен күресу, мас күйде көлік құралдарын басқаруды алдын алу, қауіпсіздік белдіктерін, мотоцикл шлемі мен балалар креслоларын пайдалану бойынша шаралар және халықты ақпараттандыру жұмыстары алдағы онжылдықта көптеген адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі деген сенімде.
zhaikuni.kz
Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу