8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Қаңтар 2021 1787 0
Қоғам

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЕЛБАСЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев салтанатты жағдайда партияның қазіргі депутаттары мен белсенділеріне Нұрсұлтан Назарбаевтың алғыс хаттарын табыстады.

«Партия Көшбасшысының шешімімен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары, сайлауалды штаб мүшелері, бақылаушылар, сенім білдірілген адамдар, партия ардагерлері алғыс хаттармен марапатталуда. Бұл сайлау алдындағы жұмысқа белсенді қатысқандарыңыз үшін беріліп отырған марапат. Сөзсіз, біздің жеңісіміз сенімді болды, оған қарсыластарымыздың мәлімдемелері дәлел болады. Бұл бірге атқарған ортақ үлкен жұмысымыз.  Баршаңызға партия Көшбасшысының атынан рахмет айтамын. Жұмыс енді басталып жатыр, біз барлық сайлауалды бағдарламаларымызды орындауымыз керек. Қазір уәделерді жүйелеу және орындау үшін жол картасын әзірлеу үстіндеміз. Тұрғындардан төрт мыңдай ұсыныс-тілек жиналды, біз олардың барлығын пысықтаймыз, – деген Мұрат Рахметұлы алғыс хаттарды табыстап, марапатталушыларға сәттілік тіледі.

Партия белсенділері өз кезегінде Елбасына жылы лебіздерін білдіріп, өткен сайлаудан алған әсерлерімен бөлісті.

«Біздің сайлау учаскесінде сайлаушылар 1800 бюллетень алуы керек еді, бірақ іс жүзінде 10 қаңтарда кешкі сағат алтыға дейін 2122 адам бюллетень алуға келді», – деді партияның Батыс Қазақстан филиалының сайлау штабының мүшесі Ақсерік Әйтімов.

«Біз – оралдықтар, саяси белсенділігімізді көрсеттік. Бұл біздің Ұлт Көшбасшысы белгілеген бағытқа деген адалдығымыздың тағы бір дәлелі. Енді қағаз жүзінде емес, іс жүзінде бағдарламалар мен тапсырыстарды жүзеге асыру қажет, сонда тұрғындар тиімді нәтижеге ие болар еді», – деді партия белсендісі Вячеслав Валиев.

 «Адамдар біздің соңымыздан ерді, біз бұл сенімді ақтауымыз керек», – деген Мұрат Рахметұлы алдағы жұмыс бес жылдан кейін өтетін келесі сайлауға негіз болатынын атап өтті. 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
68 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
106 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
389 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
407 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
383 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
427 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»