8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Қаңтар 2021 1459 0
Дені сау ұлт

БҚО БОЙЫНША 14 СЫНЫП КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛДЫ

Оқу жылының үшінші тоқсаны басталғалы облыста 91 оқушы коронавирустық инфекция жұқтырған. 

Өңірлік коммуникациялар қызметі  ұйымдастырған брифингте  облыстың  бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев тіркелген аурушаңдықтың кәсіби құрамын жіктеп берді. Айтуынша, жұмыс істейтін адамдар арасында аурушаңдық көп. Қаңтар айында тіркелген 1561 жағдайдың 707-сі, яғни 45 пайызы осы санаттағылар. 290 науқас – зейнеткерлер болса, 247-сі – жұмыс жасамайтындар. Оқушылар арасында 114 жағдай, мұғалімдер арасында 72, медицина қызметкерлерінен 51 жағдай тіркелген.

– Үшінші тоқсан басталғалы 91 оқушының вирусты  жұқтырғаны тіркелді. Қазіргі уақытта қала және аудан бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің  қаулыларымен жалпы 14  сынып карантинге жабылды, – деді М.Арыспаев.

Айта кетейік, қаңтар айы басталғалы БҚО-да коронавирустық инфекцияның 1561 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, оның 992 жағдайы белгілері бар, белгілері жоқ 569 жағдай.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
72 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
111 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
61 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
295 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»