8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Қаңтар 2021 1589 0
Дені сау ұлт

БІР АПТАДА АУРУШАҢДЫҚ 44,2 ПАЙЫЗҒА ӨСТІ

 Қаңтар айы басталғалы БҚО-да коронавирустық инфекцияның 1561 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, оның 992 жағдайы белгілері бар, белгілері жоқ 569 жағдай. Бұл жағдайлар эпидемиологиялық көрсеткіштер арқылы анықталды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте  облыстың  бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев өңірдегі эидемиологиялық ахуал күрделі екенін атап өтті.

Ай басынан бері тіркелген жағдайлардың 45,5 пайызы, яғни 711-і ЖРВИ белгілері бар науқастарды тексеру кезінде анықталған. Инфекция ошақтарын тексеру кезінде байланыста болған 501 адамда, кәсіби мақсатта тексеруден өткен 270 адамда, стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидқадағалау мақсатында ПТР тест тапсырған 79 адамда вирустық инфекция табылған. Соңғы тәулікте 104 жағдай тіркелді.

– Соңғы аптада, нақтырақ айтқанда 22-28 қаңтар аралығындағы аурушаңдық алдыңғы аптамен (15-21 қаңтар) салыстырғанда  44.2 пайызға өсіп  отыр. Яғни 353-тен 633 жағдайға дейін көтерілді. Аурушаңдықтың ең жоғары көрсеткіші Орал қаласында, Бәйтерек ауданында, және Бөрлі ауданында тіркелді, – деді М.Арыспаев.

Байланыста болған 2040 тұлға зерттеліп, медициналық бақылауға алынған.

Қаңтар айының басынан бері жалпы 53 347 зерттеу жүргізілді.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
59 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
99 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
384 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
402 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
378 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
421 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»