ЗАШАҒАНДА ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ
ҚР Тұңғыш Президент күні қарсаңында Орал қаласына қарасты Зашаған кентінде 900 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Яғни 220 жыл тарихы бар, мемлекеттік қорғауға алынған, архитектуралық ғимаратта орналасқан Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейі жаңа білім ұясына көшті. Жаңа мектептің ашылуына байланысты кенттегі №10, №47 мектептердегі үш ауысымдық оқу жойылды. Алдағы уақытта «Құс фабрикасы» ауданында тұратын 1007 оқушыны мектепке автобуспен тасымалдау ұйымдастырылады деп күтілуде.

Мектептің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Ғали Есқалиев жас ұрпаққа заманауи білім беретін білім ұясының мүмкіндіктері зор, үшауысымдылықты жоюға ықпал ететінін айтып, ата-аналар мен ұстаздарға сәттілік тіледі.
– Баршаңызды 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын. Атаулы мерекеге орай Зашаған кентінде жаңа білім шаңырағы бой көтеріп, мектеп ғимараты оқушыларға есігін айқара ашуда. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Елді түзетуді бала оқыту ісімен бастау керек» деген болатын. Бұл пікір әлі күнге өзектілігін жойған жоқ. Ұл-қыздарымыз сапалы білім алуы үшін оларға қолайлы жағдай жасауымыз керек. Биыл мемлекет тарапынан білім саласына баса назар аударылды. Алты мектептің құрылысын бастадық. 27 мектеп күрделі жөндеуден өтуде. Бір мектептің құрылысы аяқталып, міне іске қосылғалы тұр. №38 орта мектеп 1881 жылы салынған ескі ғимарат. Сол ғимаратта осы кезге дейін балалар білім алып келді. Зашағанда үш ауысымды мектептер болды. Мәселен, №10 орта мектепте бірінші сыныпта 17 сынып бар. Бұл ата-аналар үшін де қиындықтар туғызатын. Күні бүгін яғни бір ғимарат үш мектептің мәселесін шешуде. Баланың мінез-құлқының негізі мектепте қалыптасады. Сондықтан ұстаздар мен ата-аналарға еліміздің болашақ мәдениетті, білікті, еңбекқор патриоттарын тәрбиелеу жолында сәттілік тілеймін, – деді өңір басшысы Ғали Нәжімеденұлы.
Мектеп құрылысын атыраулық «Нұркапстройгаз» ЖШС жүргізген болатын. Салтанатты шарада сөз алған серіктесік директоры Әділбек Кәрімов құрылысты жоспарланған мерзімінен ертерек аяқтауға мүмкіндік туғызған өңір атқамінерлеріне алғысын білдіріп, жаңа ғимараттың кілтін мектеп-лицей директоры Шынар Сағынғалиеваға табыстады. Бұдан соң өңір басшысы сәні мен салтанаты келіскен мектеп ғимаратының ішкі құрылымымен танысты.
Мектеп-лицей жаратылыстану-математика бағытында білім беретіндіктен, жай сыныптармен қатар лицей сыныптар да жасақталған. Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің басшысы Шынар Сағынғалиеваның айтуынша, оқушылар мұнда физика, химия, биология, математика пәндерін тереңдетіп оқиды. Қосымша сабақтарда математика, физика, химия, биология пәндерінен оқушының пән бойынша тереңірек білім алуына, пәндік олимпиада, шығармашылық сайыстар, ғылыми жобаларға дайындалуға мүмкіндік жасалған. Лицей сыныптарына қабылдау бекітілген үлгі ережелеріне және конкурстық іріктеу негізінде емтихан тапсыру арқылы жүзеге асырылады. Лицей 2020-2021 оқу жылын 316 оқушымен бастап, күні бүгінде қашықтан оқытуда.
Болашақта жаңа мектеп ғимараты 1800 оқушымен жұмысын жалғастырады деп жоспарланып отыр. Штаттық режимге ауысқан жағдайда сабақтар екі ауысымда өтеді, І-ауысымда 900 оқушы, ІІ-ауысымда 900 оқушы оқитын болады. Мектептің жалпы педагог кадрлар саны – 145, оның ішінде педагог-шебер – 1, педагог-зерттеуші – 21, педагог-сарапшы – 14, педагог-модератор – 40, жоғары санатты – 2, бірінші санаттысы – 2 ұстаз бар. Мектепте барлығы 49 кабинет бар, бастауыш сынып, биология, физика, химия, география, смарт оқу, алғашқы әскери дайындық, информатика кабинеттері, зертхана бөлмелері бар. 20 орындыққа есептелген оқу залы бар кітапхана, 2 шеберхана, барлық құралдармен жабдықталған спорт залы, 158 орынға есептелген көрермен залы, 260 орынға арналған асхана бар. Медициналық, логопедиялық, психолог кабинеттері қарастырылған. Сол секілді биология, физика, химия пәндері бойынша сандық лабораториямен қамтамасыз етілген. Мектеп кітапханасында оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында Tead-x форматы енгізілген. Бұл өз кезегінде оқушының жеке тұлға ретінде белгілі бір бағыт бойынша өз көзқарасын ашық алаңда талқыға салуына, шешендік өнерін қалыптастыруға мүмкіндік бермек.
– Қазіргі таңда бүкіл дүние жүзінде робототехника ғылымы кең қолданыс тауып отыр. Робототехника автоматтандырылған техникалық жүйелерді құрумен айналысатын қолданбалы ғылым болып табылады. Осыған орай мектеп-лицей робототехника кабинетімен жабдықталған. Робототехника кабинетінде оқушылар заманауи сандық технологияларды қолдана отырып, лего-роботтар құрастырады, бағдарламалар жасайды, деректер моделін ойлап табады. «Smart мектеп» жүйесі орнатылды. Смарт оқыту арқылы ақпараттық–коммуникациялық технология көмегімен уақытқа, кеңістікке шектелмей, ыңғайлы білім алу мүмкіндік бар. Яғни, білімнің кең көлемді қолжетімділігі қарастырылған, – дейді Ш.Октябрқызы.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу