8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Қараша 2020 1301 0
Өзек

ЖОЛҒА ШЫҒЫП, АДАСЫП КЕТКЕН

25 қараша күні сағат 9.24-те «ҚР ТЖМ БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал. қ)» ММ күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына 33 жасар азаматтың жоғалып кеткені туралы хабар түскен. 

1987  жылғы Н. есімді азамат Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылдық округі , Ащышеген қыстағынан түнгі  01.00-де шығып кеткен.

Іздестіру жұмыстары барысында Ащышеген қыстағы мен Тайпақ ауылының арасында адасып кеткені анықталды. Жоғалған азамат бастапқы нүктеден 5 км қашықтықта Шемякин затонында, «Сербол» шаруа қожалығынан табылды. Іздестіру жұмыстары 13 сағат 03 минутта аяқталды.

Департаменттің баспасөз қызметінң  хабарлауынша, іздестіру жұмыстарына Қызметтің № 20 өрт сөндіру бекетінің 1 техникасы, жеке құрамның 3 қызметкері қатысөан. Табылған азаматтың жалпы жағдайы жақсы, медициналық көмекті қажет етпеген.

БҚО ТЖД үсікке және адам өліміне жол бермеу мақсатында  азаматтардан жолға шығарда ауа райының өзгеруін, метеорологиялық мәліметтерді үнемі қадағалап отыруды және қоршаған табиғатты бақылауды ұсынады. Қауіпті құбылыстар (қатты көктайғақ, аяз, боран немесе бұрқасын) туындау қаупі төнген кезде үй-жайда қалып, елдімекен шегінен шықпаған дұрыс. Жолға шығарда  ауыр және артық салмақтағы киім де кедергі боларын ұмытпаған жөн. Бейтаныс жерге бармаған дұрыс, ауа райы нашарлап, жол көрінбей кетіп, әуреге салатынына әрқашан дайын болу керек.

Төтенше жағдайлар департаментінің қатты аяз, боран, бұрқасын кезінде тұрғындардың әрекеттері туралы хабарламаларына ән беру керек.

Ал төтенше жағдай туындаған кезде 101, 112 номеріне хабарласу ұсынылады.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
30 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
83 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
75 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
72 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»