8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Қараша 2020 1604 0
Қоғам

«ADAL KÓMEK» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 200-ДЕН АСА ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады. «Волонтерлік нақты істермен көрінетін патриотизмнің жоғары деңгейін білдіреді. Отанға деген махаббат үлкен ұрандар мен бос декларациялар емес, бұл – күнделікті еңбек, соның ішінде халықтың игілігі үшін шынайы атқарылатын қайырымды істер.  Бұл – күнделікті еңбек, бұл – адамның болмысы, бұл – терең білім, жоғары мінез-құлық мәдениеті», – деп Президент «Birgemiz» атты республикалық Волонтерлер фронт-офисінің ашылу рәсімінде атап өтті.

Тәжірибе көрсеткендей, азаматтардың көпшілігі өздерінің құқықтары бұзылған кезде кіммен байланысатындығын, қай мемлекеттік органның құзыретіне оның сұрақтары кіретінін және шағым беру тәртібін білмейді. Бірақ өтініштін қаралу нәтижесі хаттың дұрыс даярлағанына және тиісті органға жолдауына байланысты.

Осыған байланысты Агенттікте «Еріктілер жылы» аясында «ADAL KÓMEK» жобасы іске қосылды.

Мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына құқықтық көмектер көрсету болып табылады.

Еріктілер ретінде Агенттіктің қызметкерлері, тәжірибелі заңгерлер, адвокаттар, нотариустар, сондай-ақ студенттер, магистранттар, докторанттар, ЖОО заң факультеттерінің оқытушылары шығып, олар тұрғындарға өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша тұрақты түрде тегін кеңес береді.

Елімізде «Covid-19» пандемиясының таралуына жол бермеу мақсатында «ADAL KÓMEK» жобасы онлайн форматта жүзеге асырылуда. Аталған жоба аясында аудан орталықтарында да тұрақты түрде онлайн құқықтық кеңес берулер ұйымдастырылуда.

2020 жылдың 10 айында Департаменттің ұйымдастыруымен 221 онлайн тегін құқықтық кеңестер берді. Жалпы тегін құқықтық кеңеске әртүрлі сұрақтармен өңірдің 1000-нан астам тұрғыны жүгініп, 110-нан астам тұлға ерікті ретінде қатысты.

Мәселен, Орал қаласының тұрғыны жобаға коллекторлық компанияның әрекеті бойынша жүгінен болатын. Оған заң аясында тиісті түсінік жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күні бұл мәселе толықтай өз шешімін тапты.

Тұрғындар көбіне жер, үй, несиені қайтару мәселелерімен жолығады. Ең өкініштісі азаматтардың келісім шарттарды оқымай қол қойып жіберіп, кейін өкініп жатады.

«ADAL KÓMEK» жобасы әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде жүргізілетіндіктен, басқа облыстардың да тұрғындары сауалдарын жолдауда. Мысалы, Қостанай облысының тұрғыны Айгүл есімді азаматша Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінде есеп-шот ашу және тұрғын үй мемлекеттік бағдарламалары бойынша өз сауалын жолдаған болатын.

Орал қаласындағы пайда болған қоғамдық көліктер жолақтары туралы және басқа да жолда жүру ережелері бойынша полиция қызметкерлері қатысуымен тікелей эфир ұйымдастырылып, эфирді 800-ден астам адам көрді.

Жалдамалы тұрғын үйде тұрып жатырған азаматтар да өздеріне берілген келісім шарттарды толық қарамаған. Яғни, ол жерде пәтерді пайдаланушы міндеттері мен құқықтары толық көрсетілген. «Адал көмек» жобасы бойынша тікелей эфирде келісім шарт туралы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшылығы кең көлемде түсіндіру жұмысын жүргізді.

«ADAL KÓMEK» жобасы аясында тегін құқықтық кеңес беру алдағы уақытта да тұрақты түрде өз жалғасын табатын болады.

Нұрдәулет СӘМЕТ, БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
363 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
327 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
654 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
1125 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1497 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1314 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1856 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2477 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2640 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2645 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2698 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2704 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2231 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
3180 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3233 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3226 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3848 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3809 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3804 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3775 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3935 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»