8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Қараша 2020 732 0
Қоғам

САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР ӘЛІ ДЕ КҮШЕЙЕДІ

                                       Карантиндік режим күшейтілген уақыттан бастап, яғни ағымдағы жылдың 8-23 қараша аралығында өңірімізде 139 құқық бұзушылық тіркелді. Соның ішінде мониторинг топтары тарапынан 43 және Полиция департаменті тарапынан 96 құқық бұзушылық анықталған. Осы аралықта облыс аумағындағы жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өткен болатын. Аталған іс-шараға 332 қызметкер жұмылдырылып, олардың тарапынан 1758 жол жүру ережелерін бұзу фактілері анықталыпты. Соның ішінде көлік құралдарын мас күйінде жүргізген 50 жүргізуші ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы 24 қараша күні облыс әкімдігінде өңір басшысы Ғали Есқалиевтың төрағалығымен өткен жеделштаб отырысында талқыланды.                                                                                                          

                                                                                               36 нысан иесі талапқа бағынбаған

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаевтың мәліметіне сүйенсек, өңірімізде COVID-19 ауруының 7805 жағдайы тіркелген. Қазан айында 161 жағдай тіркелсе, 24 қарашада 781-ге жеткен. 16-23 қараша аралығында 306 жағдай анықталыпты. Осы аралықта шекарадан барлығы 6 639 адам өткен, оның ішінде 123 жолаушының COVID-19-ға сараптама куәлігі болмаған.  Облыста COVID-19 коронавирустық инфекциясын анықтау үшін ПТР зерттеулерін жүргізетін сегіз зертхана бар (OMB, NCE, OLIMP, BRB, Medical Center, UPCH, NAO «WKATU», Interteach) онда тәулігіне 2950 тест алынады. Қазіргі уақытта күніне орта есеппен 1650 зерттеу жүргізілуде.  Қараша айында мониторингтік топтар 790 рейд жүргізіп, 6729 нысанды тексерген. Соның ішінде 91 нысанда бұзушылықтар анықталып, 8 миллион теңгеден астам сомаға 145 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.  Бетперде тақпаған – 45, түнгі сағат 23.00-ден кейін жеке көлікпен жүрген – 29, жұмыс режимін бұзған – 11 тұлға ұсталған. 16-23 қараша аралығында 36 нысан иесі талаптарды бұзған, нәтижесінде  4 403 130 теңгені құрайтын 78 әкімшілік хаттама толтырылған.

                                                                                              Сұранысқа ие дәрілер қоры жеткілікті

БҚО медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Шәрбану Искакованың айтуынша, бүгінгі күні жалпы халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты, дәріхана қоймаларында және бөлшек дәріханаларда сұранысқа ие дәрілер бар. Қазіргі уақытта дәріханаларда  кезек жоқ, әлеуметтік арақашықтық сақталып отыр.

– Коронавирустық инфекцияны емдеу үшін сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің екі айлық қоры «КФК Медсервис Плюс» ЖШС, «Талап» АҚ, «Аманат» және «Amity International» ЖШС көтерме қоймаларында сақтаулы. Көтерме қоймаларда және дәріханалардың бөлшек сауда желісінде сонымен қатар облыстың дәріханаларында дәрі-дәрмектердің қолжетімділігіне күнделікті мониторинг жүргізіледі, мұнда күнделікті фармацевтер мобильді қосымша арқылы дәрі-дәрмектің балансы мен бағасын толтырады, олар кейін www.stopcovid.kz сайтында орналастырылады,  – дейді Ш.Искакова.

Осы орайда облыстағы 180 дәріханаға мониторинг жүргізіліп,  300-ден астам тексеріс жүргізілген.  Бүгінде дәріханалар мен сауда орындарындағы көрнекті жерлерге коронавирустық инфекцияны емдеуде сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің тізімі ілулі, онда тұрғындарға баға шектері мен QR коды көрсетілген. Сала маманының айтуынша, облыстық әкімдік тұрақтандыру қорын құрып, 422 млн.теңге көлемінде дәрі-дәрмектердің резервін қалыптастырған, «Ақжайық» ӘКК ҰК АҚ мен «Іңкәр» ЖШС ірі дистрибьюторлық компаниясы арасында келісім бар. Бүгінгі күні «Іңкәр» ЖШС-ның Ақтөбедегі дәріхана қоймасына 92 миллион теңгенің дәрі-дәрмегі келіп түссе, 115 миллион теңгеге тағы дәрі-дәрмек келмек.  Сондай-ақ, «Ақжайық» ӘКК ҰК АҚ қорында дәріхана ұйымдарында 1 818 500 дана бір рет қолданылатын медициналық маска және 298 831 дана маска бар, бағасы 22 теңгеден 60 теңгеге дейін өзгереді. Бүгінгі таңда маскалар бағасын 20-30 теңге аралығында төмендету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. «Ақжайық Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Әлия Сәлиева сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанындағы топтар, мемлекеттік органдардың өкілдерінен құралған мониторинг тобы дәрі-дәрмектердің бағасы мен олардың аймақтық дәріхана желілерінде қолжетімділігі бойынша мониторинг жүргізіліп тұратынын жеткізді.

– Бірақ, егер санитарлық талаптарды сақтамасақ, қордағы дәрінің көптігі де көмектеспейді. Сондықтан тұрғындар өз өмірлеріне бейжай қарамауы керек, – дейді ол.

                                                                                              Той өткізу тоқтамай тұр

Облыс аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша қосымша шектеу шараларын енгізу туралы Бас санитарлық дәрігердің қаулысы аясында Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген бағытта қызмет өткеруге көшкен болатын. БҚО ПД бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Жанболат Жаншиннің баяндауынша, демалыс күндері қосымша 13 патрульдеу маршрутына 26 қызметкер жұмылдырылған.

– Бүгінде мониторинг топтарымен бірлескен 3323 рейд өтті, нәтижесінде облыс аумағында карантиндік режимді бұзудың 3034 фактісі анықталды. Соның ішінде 2669 құқық бұзушылық жеке тұлғалар тарапынан, ал 365 құқық бұзушылық заңды тұлғалар тарапынан жасалған. Өткізілген түсіндіру жұмыстарына қарамастан аталған кезеңде мерекелік іс-шаралар өткізудің 279 фактісі және дүкендер, сауда орталықтары иелері тарапынан 94 құқық бұзушылық орын алды, – дейді полиция полковнигі.

Айта кету керек, полиция департаменті және мониторинг топтары тарапынан атқарылған алдын алу жұмыстарына қарамастан тұрғындардың мерекелік шараларды өткізу фактілері тоқтамай отыр. Мәселен, 20 қараша күні «Паладиум» сауда үйінде орналасқан «ФСБ» түнгі клубының 70-80 адамды жинап, жұмыс жасап жатқаны анықталған. Ал 22 қараша күні «Айбат» мейрамханасында 35-40 адамды жинап, құдалық өткізгендер таратылған. Аталған мейрамхананың иесі бұрын да мерейтой өткізіп, жауапкершілікке тартылғанын атап өту керек.

                                                                                             Мас күйінде көлік басқарған

Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес демалыс күндері, яғни 14-15 және 21-22 қараша күндері автокөлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылғаны белгілі. Осыған байланысты Батыс Қазақстан облысының аумағында 25, соның ішінде Орал қаласының аумағына 8 және облыс аудандарының аумағына 17 санитарлық бекет орнатылған еді. Ж.Жаншиннің сөзінше, аталған бекеттерге 116 полиция қызметкері және 51 денсаулық сақтау органдарының қызметкері, сондай-ақ 28 бірлік автокөлік жұмылдырылған. Көрсетілген мерзімде бекеттерден өткен 11 888 автокөлік және 19674 жүргізуші мен жолаушы тексерілген. Карантин мезгілінде облыс аумағындағы жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өткен. Аталған іс-шараға 332 қызметкер жұмылдырылып, олардың тарапынан 1758 жол жүру ережелерін бұзу фактілері анықталған. Соның ішінде көлік құралдарын мас күйінде жүргізгендері үшін 50 жүргізуші ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.

Жиынды қорытындылаған облыс басшысы Ғали Есқалиев түнгі сағат 23.00-ден таңғы сағат 6.00-ге дейін көлік қозғалысы әлі де шектелетінін жеткізді.

– Өткен аптада күрделі ахуал, яғни күніне 100 адамнан аса вирусқа шалдығу жағдайы  тек Шығыс Қазақстан облысында орын алса, осы аптада өзге облыстарда да байқалуда. Сондықтан шекаралас аймақтардан қауіп сейілмей тұр. Ресейде жағдай күннен-күнге ушығып тұр. Санитарлық талаптарды сол себепті әлі де жалғастыратын боламыз. Екі аптаның ішінде 50 көлік жүргізушісі мас күйінде ұсталған. Бұл жауапсыз жүргізушілердің әлі көп екенін байқатады. Ал дәрі-дәрмек қорда жеткілікті. Ешқандай қауіп жоқ. Әйтсе де тұрғындар қажетті дәрі-дәрмектерді ертерек сатып алғандары жөн. Санитарлық талаптарды әлі де күшейтеміз. Өйткені «қызыл аймаққа» енетін болсақ, бизнес нысандарын жабуға мәжбүр боламыз,  – деген Ғали Нәжімеденұлы өңір тұрғындарын талаптарды дұрыс түсінуге шақырды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
123 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
166 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
411 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
893 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1270 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1162 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1629 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2246 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2411 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2418 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2469 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2473 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2077 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2953 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3006 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3000 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3615 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3582 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3573 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3548 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3709 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»