БҚО білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері
2020 жылдың 5 мамыр күні БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «БҚО білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» тақырыбында онлайн конференция ұйымдастырылды.

Онлайн конференцияға БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет, БҚО білім басқармасы басшысы А.М.Тржанова, колледждер, облыстық мектептер және бағынысты ұйымдардың директорлары (жалпы саны 51), Ақжайық – адалдық алаңы жобасы басшысы Ә.Ө.Салиева, облыстық арнайы мониторингтік топ басшысы В.С.Колпаков және АМТ мүшелері қатысты.
Н.І.Самет өз сөзінде білім саласындағы сыбайлас жемқорлық фактілері бойына статистикалық мәліметтер және сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жеке жауапкершілік мәселелеріне кеңінен тоқталып өтті.
Шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, соның ішінде білім беру саласындағы негізгі бағыттары талқыланды, сондай-ақ PUBLICBUDGET.KZ сайтындағы «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы туралы ақпарат жеткізілді.
Алайда, бүгінгі таңда мемлекеттен қаржыландырылатын колледждердің 19-ы штаттық кестелерін орналастырмаса, «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының 2020 жылға бюджеті әлі күнге жарияланбаған.
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің «Жаһанша – адалдық алаңы» үлгісінде колледждерде Адалдық алаңын ашу ұсынылды.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу