Сумен жабдықтау және кәрізге қосылу үшін техникалық шарттар алуға құжаттар тізімі
Кәсіпорында ҚР Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №175 бұйрығымен бекітілген «Табиғи монополия саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларына» және ҚР Ұлттық экономика Министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы №73 бұйрығымен бекітілген «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына» сәйкес дайындалған өтініштердің үлгілері бар.
Тұрғын үйлердің ғимараттарына және бизнес нысандарына су құбыры және кәрізді жобалауға техникалық шарттарды алу үшін кәсіпорынның бас директорының атына келесі мәліметтердің қосымшасымен белгіленген үлгідегі өтінішті ұсыну қажет.
Жеке тұлғалар үшін | Заңды тұлғалар үшін |
1. Жылжымайтын мүлік иесінің жеке куәлігі – көшірме; | 1. Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) – көшірме; |
2. Құқық белгілейтін құжаттар (жер учаскесіне жеке меншік құқығына акт, оны беру негізі – әкімдіктің қаулысы (сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты, айырбастау шарты және т. б.) – көшірме;
Ескертпе: құқық белгілейтін құжаттарды беру сәтінде өзекті мекен-жайын көрсете отырып ұсыну қажет. |
2. Құқық белгілейтін құжаттар (жер учаскесіне жеке меншік құқығына акт, оны беру негізі – әкімдіктің қаулысы (сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты, айырбастау шарты және т. б.) – көшірме;
Ескертпе: құқық белгілейтін құжаттарды беру сәтінде өзекті мекен-жайын көрсете отырып ұсыну. |
3. Көшелер мен жер учаскесінің шекараларын көрсетумен ситуациялық сұлба, көшірме;
|
3. Техникалық шарттарды сұрату сәтіне қазіргі жағдайдағы нысан және коммуникацияларды бейнелетін жер учаскесін таңдау үшін актілерге сәйкес көшелер мен жер учаскесінің шекараларын көрсетумен ситуациялық сұлба. |
4. Жобалау институтынан суды тұтыну, су бұру (м3/тәул) үшін қажетті шығындарды көрсетумен есептер туралы анықтама (ғимарат, дүкен, қабатты үйлер, тұрғын емес үй-жай). | 4. Жобалау институтынан суды тұтыну, өрт сөндіру, су бұру (м3/тәул) үшін қажетті шығындарды көрсетумен есептер туралы анықтама. |
Өтініштер 5 жұмыс күні ішінде қаралады.
Анықтама үшін – 23-63-38
Версия для печати
Пікір үстеу