8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Мамыр 2020 1207 0
Қоғам

ЖАЙЫҚТЫҢ ДЕҢГЕЙІ 340 САНТИМЕТРГЕ ЖЕТУІ МҮМКІН

Биыл 5 мамырдың өзінде Жайық өзенінің деңгейі 285 сантиметрге жетті, яғни өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 45 сантиметрге жоғары болып отыр. Былтыр өзеннің тасу шегі 26 сәуірде тіркелсе, үстіміздегі жылы да сол деңгейде және тәулігіне орта есеппен 6 сантиметрге көтерілуде.  Ағымдағы жылы судың тасу шегі 13-15 мамыр күндері  340 сантиметрге жетуі мүмкін. Бұл өткен жылмен салыстырғанда бір метрге жоғары. Бұл туралы БҚО өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингте БҚО  Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ринат Шәуенов мәлімдеді. 

 

Басқарма басшысының айтуынша, бүгінгі мақсат – Киров, Бітік, Дөңгелек және Пятимар су қоймаларын толтыру. Қазіргі таңда қажетті  260 млн текше метр судың 57 пайызы жиналған. Киров су қоймасы 60 пайызға, Бітік су қоймасы 50 пайызға толтырылған. Биыл Жайық өзенінің тасуы ұзаққа созылғандықтан, бұл жұмыстар су деңгейі түскенге дейін жалғасады. Ал «Қазсушар» РМК БҚО филиалының директоры Нұрболат Жұмағалиевтің айтуынша, 2019 жылы су мүлдем тапшы болып, облыстағы бас су күре жолдары Жайық, Үлкен және Кіші өзендерінде тасқын суы жоқтың қасы болғанды. Бұндай су тапшылығы 1967 жылы болған. Сол жағдай биыл қайталанып отыр.

–   Трансшекаралық Жайық өзені сулылығының 80 пайызы негізінен Ресей Федерациясында құралады. Көктемгі су тасқының көлемі күзгі ылғалдылық, тоңның қалыңдығы, қар қоры және көктемгі ауа-райымен қатар, РФ-дағы Жайық өзенінде орналасқан су қоймаларынан судың жіберілуіне байланысты. Өкінішке орай, су тапшылығы Шаған өзенін де айналып өтпеді. Шаған өзенінен жинақталған су көлемі су қоймасы маңында орналасқан саяжайлар мен шаруа қожалықтарының көкөніс өсіруіне толықтай жетеді. Үлкен және Кіші өзендердегі су тапшылығы салдарынан Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батыс аумағындағы экологиялық жағдай елеулі қиындап, 50 мыңнан астам тұрғыны, мүйізді ірі қара, жылқы, түйе және ұсақ малды қоса есептегенде 971 мың бас малы және ауыз сумен қамтамасыз ететін қолданыстағы 14 жергілікті су тазалау қондырғысы бар Қазталов, Жаңақала аудандарының халқын және мал шаруашылығын сумен қамтамасыз етуде күрделі жағдай қалыптасуы ықтимал. Үлкен және Кіші өзендері алқаптарында инженерлік үлгідегі көлдетіп суармаланатын 70 мың гектар жер бар. Соңғы жылдары өңіріміздегі су айдындарында, соның ішінде тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ететін құрылғы орнатылған су айдындарында және жасанды су қоймаларда судың сапасы нашарлап, су жасыл, тұзды суға айналуда. Инженерлік көлтабандар мен табиғи шабындықтар суарылмағандықтан, мал басының бұдан әрі өсуіне мүмкіндік болмай, облыстың мал шаруашылығының дамуына қауіп төнуде. Осыған байланысты, Саратов каналы арқылы алынатын 107,0 млн.м³ көлемінде Еділ суын жеткізу үшін республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатты ұлғайту қажет,  – дейді  Нұрболат Ұлданұлы.

Мәлім болғандай, ағымдағы жылы Еділ суын насос станциялары арқылы беруге жұмсалған шығынды өтеу үшін республикалық бюджеттен 1 964,5 млн.теңге, соның ішінде Ресей Федерациясының Саратов облысынан Үлкен және Кіші өзендерге су беруге 1 439,0 млн.теңге, Волгоград облысынан Жәнібек жүйесіне су беруге 525,5 млн.теңге бөлінген. Бұл бөлінген қаражатқа тек қана 72,0 млн. текше метр су алуға болады, ал жалпы қажеттілікті қамтамасыз ету үшін 107,0 млн. текше метр су алу қажет екен. Аймақтағы экологиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында жетіспейтін 35,0 млн.текше метр көлеміндегі Еділ суын алу үшін республикалық бюджеттен қосымша 999,1 млн.теңге қаражат бөлінуіне ықпал етуді сұрап облыс әкімдігі 2020 жылдың наурыз айында Қаржы министрлігіне хат жолдаған.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
146 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
178 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
428 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
911 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1288 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1174 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1646 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2264 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2428 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2436 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2489 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2492 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2089 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2970 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3022 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3017 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3633 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3599 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3590 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3565 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3726 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»