8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Сәуір 2020 2436 0
Қоғам

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ МЕН МЕКТЕП БІТІРУ КЕШІ БІРГЕ ӨТУІ МҮМКІН

ҚР Білім және ғалым министрі А.Аймағамбетов соңғы қоңырау да, мектеп бітіру кеші де бір күнде өтуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы 27 сәуірде Instagram желісіндегі Tengrinews.kz парақшасы арқылы тікелей эфирге шыққанда айтты. 

 

«Мектеппен қоштасу мүмкіндігі болады деп болжап отырмыз. Жағдай оңалып, науқастардың саны азайып, карантин режимі алынса, әдетте маусымның ортасында мектеппен қоштасу кеші болатын. Яғни, аттестат салтанатты түрде беріледі. Қазір мектеппен қоштасу кешінде соңғы қоңырау мерекесін қатар өткізу үшін концепция дайындап жатырмыз», – деп түсіндірді Аймағамбетов.

Министр мерекелік шаралар барлық санитарлық нормалардың сақталуымен өтетінін айтты.

«Үміт үзудің қажеті жоқ. Ол бәріміздің басымыздан өткен, мектеппен қоштастық. Ол өте әсерлі сәт қой, сондықтан карантин режимі жеңілдеп не маусымда алынып тасталса, санитарлық нормалардың сақталуымен өтеді. Сол кезде салтанатты кеш пен мектеп бітіру кешін өткізе аламыз», – деді министр.

Сурет "Жайық үні" редакциясы архивінен алынды
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
47 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
95 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
55 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
283 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»