«САНАЛЫ ҰРПАҚ» ЖЕТЕКШІСІ ОРАЛДАҒЫ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫМЕН ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ЖҮЗДЕСТІ
28 сәуір күні БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Қ.А.Токушевтің қатысуымен «Орал қаласы мектептеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» тақырыбында онлайн конференция ұйымдастырылды. Қ.А.Токушев шараға қашықтықтан байланысу бейнебайланысы арқылы Алматы қаласынан тікелей қатысты. Сонымен қатар, онлайн конференцияға БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қырсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет, Орал қаласының білім беру бөлімінің басшылығы және 50 мектеп директоры қатысты.

Өз сөзінде басты спикер ретінде Қ.А.Токушев сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар қабылдау, өз мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жеке жауапкершілік мәселелеріне кеңінен тоқталып өтті.
Сонымен қатар, Қ.А.Токушев мырза сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді іс-шаралар жоспарларын сапалы жасауды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті, республика бойынша мектеп директорлары арасындағы сыбайлас жемқорлықтың соңғы фактілері, сондай-ақ оқу орындарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар туралы айтты.
Шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, соның ішінде білім беру саласындағы негізгі бағыттары талқыланды, сондай-ақ PUBLICBUDGET.KZ сайтындағы «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы туралы ақпарат жеткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бұрын PUBLICBUDGET.KZ (Ашық бюджеттердің интерактивті картасы) сайты әзірленген болатын. Бұл – ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдету, ел азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру және билік пен азаматтық қоғам арасында тікелей байланыс арнасын құру үшін құрылған бірегей жоба.
Бұл жобаны Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен ашықтықты және тұрғындармен қарым-қатынасты қамтамасыз ету саласында Қазақстанның бренд-жобасы ретінде танылды. «Картада нақты уақыт тәртібінде облыстың білім беру, құрылыс, әлеуметтік нысандарды жөндеу және сақтауға бөлінген бюджет қаражаттары туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді көрсетеді. Картаға мемлекеттік кәсіпорындар, медициналық мекемелер, білім беру нысандары, жолдар, яғни бюджет қаражаты бөлінген кез келген инфрақұрылымдық объектілер енгізілген. Кез келген адам объектіге басып, өз ескертулерін қалдыра алады».
«Мысалы, кез келген азамат жөндеу сапасына, білім сапасына немесе мектептерде ақша жинау мәселелеріне риза емес. Біздің азаматтарымызды бірлесіп жұмыс істеуге, қоғамдық бақылау жүргізуге және бұзушылықтар туралы дереу хабарлау арқылы жұмыс жасауға шақырамын», – деп атап өтті БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет.


Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу