8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Сәуір 2020 1258 0
Өзек

БҚО-ДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН ҮШ АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

Коронавирустық инфекция табылған азаматтар Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс жасайтын 20, 21 және 24 жастардағы Түркістан облысының тұрғындары. 

Ресей Федерациясының Самара облысымен шекарадағы «Сырым» автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандармен қашықтық термометрия және сауалнама жүргізу кезінде азаматтардың денсаулықтарына шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарға жатқызылды.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 3 пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.

Дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

27 сәуірдегі жағдай бойынша облыста COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 125 адам анықталды. Олардың жетеуі жазылып үйлеріне шығарылды.  Қалғаны облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алуда.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
75 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
115 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
63 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
297 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»