8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Сәуір 2020 1554 0
Қалалықтар қаперіне

САЯЖАЙЛАРҒА БАРУ КЕСТЕСІ ӨЗГЕРДІ

Орал қаласы іргесінде  176  бау-бақша саяжай серіктестігі бар.  Күшейтілген карантиндік  режим кезінде тұрғындарға аптасына екі күн – сенбі-жексенбіде  саяжайларына бару рұқсат етілген еді. Қазір дақылдарды егу жұмыстары басталды. Осы ретте, ертеңгі күннен, яғни 28  сәуірден бастап саяжайға бару және келу кестесіне өзгеріс енгізілді. Бұл туралы өңірлік  коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте қала әкімі Абат Шыныбеков айтты. 

–  Мемлекеттік нөмірлері тақ санымен басталатын  көлік иелері – сәрсенбі, жұма,  жексенбі күндері таңертеңгі сағат 9.00-ден кешкі сағат 19.00-ге дейін саяжайларына бара алады.  Ал мемлекеттік  нөмірлері жұп санымен басталған автокөлік иелері сейсенбі, бейсенбі, жексенбі күндері таңертеңгі 9.00-ден кешкі 19.00-ге дейін саяжайларына баруға рұқсат. Сондай-ақ автокөлік салонында жүргізушіні есепке алмағанда  үш ересек адамнан артық жолаушы болмауы керек. Сондай-ақ азаматтардың өздерімен бірге  жеке куәлігі, бау-бақша серіктестігінің  төрағасы қол қойған мүшелік кітапшаны немесе төраға куәландырған құжат болуы тиіс.  Қаладағы қозғалысты шектеуіміз қажет. Саяжайдың сылтауымен азаматтар қалада мақсатсыз жүруі мүмкін. СонДықтан осындай шектеу қабылданды,  – деді Абат Абайұлы.

Бұған дейін 65  жастан асқандардың қозғалысына тыйым салынған болатын. Ал саяжайларда бақша егушілердің  басым бөлігі егде  жастағылар екенін ескере отырып, олардың  бау-бақша серіктестіктеріне баруларына рұқсат  берілді.

Саяжай аумағында бір отбасы  болып табылмайтын адамдардың жиналып, көпшілік іс-шаралар өткізуіне  болмайды. Жерді қопсыту жұмыстарын қоспағанда жалдамалы жұмысшыларды тартуға тыйым салынып отыр. Оны жергілікті полиция қызметінің атты взводы, әкімдік жанынан құрылған мониторингтік топ қадағалауға алатын болады.

Қалада саяжай бағыттарына жүретін 10  маршрут бар. Олар 29 сәуірден бастап желіге  шығады.  Таңертең сағат 6.00 мен 9.00 аралығында саяжайларға баратын болса, кешкі 17.00 мен 20.00 аралығында  кері қайтады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
42 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
91 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
378 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
397 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
373 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
416 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»