8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Сәуір 2020 1244 0
Қалалықтар қаперіне

ШАҒЫН ЖӘНЕ  ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІ 1-ШІ ҚАЗАНҒА ДЕЙІН  МӘМС ТӨЛЕМІНЕН БОСАТЫЛДЫ

Шағын және орта бизнестің субъектілері 2020 жылдың 1 қазанына дейін, ал ірі бизнестің кейбір субъектілері 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерінен босатылды. Мұндай шараларды мемлекет төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлерге қолдау көрсету үшін қабылдады.

«Яғни, олар жұмыс беруші ретінде 2% мөлшерінде аударымдарды төлемейді, сондай-ақ өз қызметкерлерінің жалақысынан 1% жарналарды ұстамайды. Осылайша, 1 миллионға жуық азамат МӘМС ақы төлеуден босатылды – бұл осы салалардағы қызметкерлердің жалпы саны. Алайда, олардың барлығы қажетті медициналық көмекті толық көлемде алуы тиіс, олар үшің Қор төлейді», – деп Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында түсіндірді.

Салықтар мен әлеуметтік төлемдерге «нөлдік» мөлшерлемені қолданатын субъектілердің тізімі бекітілді. Бұл сауда, көлік және техникалық қызметтер, білім беру, медицина, туризм, мейрамхана және қонақ үй бизнесі, ойын-сауық, бағдарламалық қамтамасыз ету және фитнес субъектілері.

Қауылда көрсетілген санаттарға кірмеген бизнестің субъектілеріне МӘМС жарналар мен аударымдарды төлеу мерзімі 2020 жылдың 1 маусымына дейін шегерілді.

Жеке кәсіпкерлер де жеңілдік алды. Оларға 2020 жылдың 1 қазанына дейін өз қызметкерлері үшін аударымдарды төлеудің және жалақыларынан жарналарды ұстаудың қажеті жоқ. Алайда, өзі үшін төлеу керек – төлеу мерзімі 2020 жылдың 1 маусымына дейін ұзартылған.

«Заң жарналар мен аударымдардан бас тартуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан 1 қазанға дейін бизнестің субъектілерінде төленбеген кезең бойынша қарыз пайда болады. Осыған байланысты «босатылған» кызметкерлерге қарызды есептемейтін заңды нормасын енгізу туралы ұсыныстарға Қор бастамашылық болып отыр. Осы қиын кезеңде осылайша Қор азаматтарға қолдау көрсеткісі келеді. Қазір бұл өзгертулердің өңдеу жұмыстары жүргізілуде, оларды үкімет қарайды», – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында.

Сонымен қатар, Қор БЖТ төлеушілер санының өсуін атап өтті, өйткені оны төлеу өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы алу шарты болып табылады.

«Табыссыз қалған және ресми түрде жұмыс істемейтін азаматтар қала тұрғындары үшін 2 651 теңге және ауыл тұрғындары үшін 1 325 теңге көлемінде бірыңғай жиынтық төлемді жасап, жәрдемақы алу үшін өтінім беріп, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің мүшесі бола алады. Осыған байланысты БЖТ төлеушілердің саны 85 мыңнан (1 сәуірге дейін төлегендер) 1,8 миллион азаматқа дейін ұлғайды. Алайда, міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу үшін төлемдерді үнемі жасап тұру керек (сақтандырылушының мәртебесін алу үшін кемінде 3 ай)», – деп ӘМСҚ-да қосты.

Айта кетейік, қазір Қазақстанда сақтандырылмағандардың үлесі шамамен халықтың 15% құрайды. Алайда, 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін мүлдем барлық азаматтар шартты сақтандырылған болып саналады және медициналық көмекті толық көлемінде алуы тиіс.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ БҚО бойынша филиалы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
174 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
198 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
459 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
938 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1316 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1194 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1674 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2292 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2456 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2464 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2516 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2519 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2109 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2997 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3051 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3044 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3661 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3626 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3617 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3592 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3753 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»