8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Сәуір 2020 1137 0
Қоғам

БҚО-да «COVID-19» ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН ТАҒЫ 10 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ

    Коронавирустық инфекция табылған 10 азаматтың 9-ы Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс жасайтын азаматтар. Олардың 1-еуі Түркістан облысының, 8-і – Батыс Қазақстан облысының тұрғыны.  Бұл туралы бүгін БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте айтты.

  

      Нұрлыбек Ермекұлының айтуынша,   Ресей Федерациясымен шекарадағы «Сырым» және «Тасқала» автоөткелдеріндегі санитарлық-карантиндік бекеттерде эпидемиолог мамандармен қашықтық термометрия және сауалнама жүргізу кезінде азаматтардың денсаулықтарына шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарларға жатқызылыпты. Сонымен қатар, коронавирус инфекциясы анықталған 48 жастағы азамат – Орал қаласының тұрғыны. Ол коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.  ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 10 пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланған.

Қазіргі таңда барлығы да облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылған. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынған. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.

Күні бүгінгі жағдай бойынша облысымызда COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 86 адам анықталды. Коронавирустық жұқпадан екі адам жазылып шықты.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында – 84 адам, провизорлық стационарда – 20, карантиндік стационарда – 56, үй оқшаулауында – 1181 адам дәрігерлер бақылауында.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
26 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
81 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
74 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
75 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
71 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»