8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Сәуір 2020 1804 0
Қалалықтар қаперіне

20 СӘУІРДЕН БАСТАП ОРАЛДА КҮШЕЙТІЛГЕН КАРАНТИНДІК РЕЖИМ ЕНГІЗІЛДІ

Коронавирус жұқпасының таралуының алдын алу және БҚО бас санитариялық дәрігері қаулысының талаптарын орындау мақсатында полиция қызметкерлері 2020 жылдың 20 сәуірінен бастап қалада күнделікті рейдтер жүргізіп, блок-бекеттерде бақылау жұмыстары бұрынғыдан да күшейтіледі.

Төтенше жағдай режимін бұзғандарға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 476-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген. Яғни, 10 АЕК (27780 теңге) көлемінде айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады.
Бүгінгі күнге  дейін төтенше  жағдайға  байланысты белгіленген талаптарды бұзған454 азаматқа қатысты 476-бап бойынша хаттама толтырылды. Оның ішінде 3-еуіне ескерту берілген. 68-іне айыппұл салынса, 154-і әкімшілік қамауға алынды. 229 іс қаралу сатысында.
Батыс Қазақстан полиция департаменті азаматтардан карантиндік режімді қатаң сақтауды және полицияның заңды талаптарына түсіністікпен қарауды сұрайды. Бұл шаралардың бәрі облыс тұрғындарының денсаулығы үшін жасалып отыр.
Орал қаласына кіріп-шығу және қала ішіндегі қозғалыс үшін сіз stopcovid.kz сайтына тіркелу қажет.

 

Қозғалыс бойынша жаднама

Қала ішінде stopcovid.kz сайты арқылы қаланың жедел штабы рұқсат берген және қызметі тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ету саласымен байланысты кәсіпорындар қызметкерлері жүре алады.

Маршрут үй-жұмыс: жеке басын куәландыратын құжаты өзімен бірге болуы тиіс.
Қаланың блокбекеттерінен сыртқары кіріп-шығу: тұрғындар тіршілігін қамтамасыз ету үшін маңызды кәсіпорындар (коммуналдық кәсіпорындар, шаруа қожалықтары, мұнай-газ және құрылыс компаниялары, азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмек құралдарын және пошталық қызметтерді жеткізушілер) мекенжайы міндетті түрде көрсетілген тауарлық- транспорттық жүкқұжат немесе іссапар парағы немесе жеткізу парағы немесе маршруттық парағы өзімен болуы тиіс.

 

Ақпарат көзі: zhaikpress.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
84 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
125 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
399 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
418 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
393 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
438 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»