БҚО-ДА АЛТЫ АДАМНЫҢ «COVID-19» ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАНЫ ТІРКЕЛДІ
Бүгінгі мәлімет бойынша облыста тағы алты адамнан коронавирус аныталып отыр. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы комиссиясының шұғыл штабы хабарлады.

Бірінші жағдай бойынша, ауру жұқтырған азамат – 33 жастағы Орал қаласының тұрғыны. Ол коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
Қалған 5 жағдайда бұл Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс жасайтын Батыс Қазақстан облысының тұрғындары.
Ресей Федерациясының Саратов облысымен шекарадағы «Тасқала» автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандармен қашықтық термометрия және сауалнама жүргізу кезінде, 2 азаматтың дене қызуы көтерілуі байқалған соң, жедел жәрдем шақыртылып, провизорлық стационарға жатқызылған болатын. Қалған 3 азаматымыз Қаулыға сай шекарадан карантиндік стационарға жолданып жатқызылды.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 6 пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Барлығы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.
Айта кетейік, облыста коронавирус инфекциясының алғашқы жағдайлары 29 наурызда тіркелді. 18 сәуір күнгі жағдай бойынша облысымызда COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 39 адам анықталды. Екі науқас сауығып, үйіне шығарылды. Қалған 37-сі облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алуда.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу