Әзілмен өрнектелген кеш
Қала күніне арналған айшықты шаралар легін жайдарманшылар жалғады. 4 қыркүйек күні Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатрында Орал қаласы әкімінің жүлдесіне арналған республикалық «Жайдарман» фестивалі ұйымдастырылды. Оған облысымыздың және Маңғыстау, Қызылорда облыстары мен Алматы, Ақтөбе қалаларының командалары қатысты. Нәтижесінде қағытпа қалжың мен астарлы әзілді ұштастырып, сахнада әдемі ойын өрнегін көрсеткен ақтөбелік «Фемида» бірінші орынды иеленді.
Мерекеге орайластырылған «Жайдарман» ойыны фестиваль түрінде өтті. Бұл шара жас командалар мен жоғары және премьер лигаларда жақсы ойын үлгісін көрсетіп жүрген 10 команданың басын қосты. Жайдарманшылардың өнерін тамашалау үшін амфитеатрға 3 мыңнан аса көрермен жиналды. Әрине, оның басым көпшілігі – жастар. Ұйымдастырушылар да осы шараны өткізу арқылы өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, жасөспірімдердің шығармашылық және зияткерлік деңгейін көтеруді мақсат еткенін айтады.


– Қала күніне орай халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатымен жайдарман ойындары жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Биылғы шараға халықтың қошеметіне бөленіп жүрген танымал жайдарманшылар мен әзіл-сықақ шеберлері арнайы қонақ ретінде шақырылды. Соңғы екі жылда облысымыздың жайдарманшылары жақсы нәтижелер көрсетуде. Қазір біздің өңірден 10-нан астам команда республикалық деңгейдегі фестивальдарға шығып жүр. Солардың ішінде «Грант» құрамасын ерекше айта аламыз, – дейді «Ақжайық КВН лигасы» директорының орынбасары Дәурен Ахонов.
Фестиваль «Сәлемдесу» форматында өтті. Шараны «Назар аудар» комедия театрының жетекшісі Ғазиз Ерболат жүргізді. «Жайдарлы жас ұлан» жас балалар фестивалінің бірінші орын иегері болған «Біздің уақыт» командасы әзілдерімен ашып, өткен жылғы Оралдағы премьер-лиганың чемпиондары «Ақырап 25» командасы жалғады. Көрермендерге тамаша әзіл сыйлаған алматылық «Юсуф Мероғлының қарындастары» командасы. Ерекше форматпен көзге түскен команда 2017 жылы құрылған. Қазір премьер лигада өнер көрсетіп жүрген арулар оралдықтардың да көңілдерінен шығып, қошеметке бөленді. Құрама Анель, Махаббат, Әйгерім есімді қыздардан құралған.
– Біздің жетекшіміз, автор-сценаристіміз – Жалғас Елеусінов есімді жайдарманшы. Бұған дейін бірнеше қала әкімінің кубоктері үшін ұйымдастырылған ойындарға қатыстық. Оралға бірінші мәрте келуіміз. Шақыртуды қуана қабылдадық. Қала әдемі, көркем екен. Бізге ұнады. Оралдықтарды қала күнімен құттықтап, шаһардың көркейе беруін тілейміз, – дейді құраманың қыздары.

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ мен М.Өтемісов атындағы БҚМУ жастарынан құралған «Талант», Оралдық «Жаңа толқын», «Жайық», «Оян», Ақтөбе облысынан келген «Боранқұл», «Фемида» және Қызылорда құрамалары да Орал қаласын әзілдеріне арқау етіп, жастар арасында көтеріліп жүрген өзекті тақырыптар мен қоғамның талқысында жүрген мәселелерді көрермен қауымға әзілмен жеткізе білді. Әйткенмен, қазылар тарапынан сынға ұшырағандары да бар. Алқа төрағасы Қанат Талғатов айтып өткендей, командаларға әлі де ізденушілік жетіспейді.
– Әзілдерін Депо көпірінің айналасында өргендер көп. Жауыр болған тақырыпты қозғауды қойып, астары мол жаңа әзілдерді ұсынғандары жөн, – дейді аға жайдарманшы.
Фестиваль қорытындысында Оралдың атынан қатысқан «Талант» құрамасы – үшінші, алматылық «Юсуф Мероғлының қарындастары» – екінші, ақтөбелік «Фемида» – бірінші орынға ие болды. Ал фестивальдің «Үздік ойыншы» аталымын «Боранқұл» командасынан Нұрбол Сағидуллин жеңіп алды.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу