8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Қыркүйек 2018 2421 0
Жалын

Әзілмен өрнектелген кеш

Қала күніне арналған айшықты шаралар легін жайдарманшылар жалғады. 4 қыркүйек күні Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатрында Орал қаласы әкімінің жүлдесіне арналған республикалық «Жайдарман» фестивалі ұйымдастырылды. Оған облысымыздың және Маңғыстау, Қызылорда облыстары мен Алматы, Ақтөбе қалаларының командалары қатысты. Нәтижесінде қағытпа қалжың мен астарлы әзілді ұштастырып, сахнада әдемі ойын өрнегін көрсеткен ақтөбелік «Фемида» бірінші орынды иеленді.

Мерекеге орайластырылған «Жайдарман» ойыны фестиваль түрінде өтті. Бұл шара жас командалар мен жоғары және премьер лигаларда жақсы ойын үлгісін көрсетіп жүрген 10 команданың басын қосты. Жайдарманшылардың өнерін тамашалау үшін амфитеатрға 3 мыңнан аса көрермен жиналды. Әрине, оның басым көпшілігі – жастар.  Ұйымдастырушылар да осы шараны өткізу арқылы өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, жасөспірімдердің шығармашылық және зияткерлік деңгейін көтеруді мақсат еткенін айтады.

– Қала күніне орай халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатымен жайдарман ойындары жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Биылғы шараға халықтың қошеметіне бөленіп жүрген танымал жайдарманшылар мен әзіл-сықақ шеберлері арнайы қонақ ретінде шақырылды. Соңғы екі жылда облысымыздың жайдарманшылары жақсы нәтижелер көрсетуде. Қазір біздің өңірден 10-нан астам команда республикалық деңгейдегі фестивальдарға шығып жүр. Солардың ішінде «Грант» құрамасын ерекше айта аламыз, – дейді «Ақжайық КВН лигасы» директорының орынбасары Дәурен Ахонов.

Фестиваль «Сәлемдесу» форматында өтті. Шараны «Назар аудар» комедия театрының жетекшісі Ғазиз Ерболат жүргізді. «Жайдарлы жас ұлан» жас балалар фестивалінің бірінші орын иегері болған «Біздің уақыт» командасы әзілдерімен ашып, өткен жылғы Оралдағы премьер-лиганың чемпиондары «Ақырап 25» командасы жалғады. Көрермендерге тамаша әзіл сыйлаған алматылық «Юсуф Мероғлының қарындастары» командасы. Ерекше форматпен көзге түскен команда 2017 жылы құрылған. Қазір премьер лигада өнер көрсетіп жүрген арулар оралдықтардың да көңілдерінен шығып, қошеметке бөленді. Құрама Анель, Махаббат, Әйгерім есімді қыздардан құралған.

– Біздің жетекшіміз, автор-сценаристіміз – Жалғас Елеусінов есімді жайдарманшы. Бұған дейін бірнеше қала әкімінің кубоктері үшін ұйымдастырылған ойындарға қатыстық. Оралға бірінші мәрте келуіміз. Шақыртуды қуана қабылдадық. Қала әдемі, көркем екен. Бізге ұнады. Оралдықтарды қала күнімен құттықтап, шаһардың көркейе беруін тілейміз, – дейді құраманың қыздары.

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ мен М.Өтемісов атындағы БҚМУ жастарынан құралған «Талант», Оралдық «Жаңа толқын», «Жайық», «Оян», Ақтөбе облысынан келген «Боранқұл», «Фемида» және Қызылорда құрамалары да Орал қаласын әзілдеріне арқау етіп, жастар арасында көтеріліп жүрген өзекті тақырыптар мен қоғамның талқысында жүрген мәселелерді көрермен қауымға әзілмен жеткізе білді. Әйткенмен, қазылар тарапынан сынға ұшырағандары да бар. Алқа төрағасы Қанат Талғатов айтып өткендей, командаларға әлі де ізденушілік жетіспейді.

–  Әзілдерін Депо көпірінің айналасында өргендер көп. Жауыр болған тақырыпты қозғауды қойып, астары мол жаңа әзілдерді ұсынғандары жөн, – дейді аға жайдарманшы.

Фестиваль қорытындысында Оралдың атынан қатысқан «Талант» құрамасы – үшінші, алматылық «Юсуф Мероғлының қарындастары» – екінші, ақтөбелік «Фемида» – бірінші орынға ие болды. Ал фестивальдің «Үздік ойыншы» аталымын «Боранқұл» командасынан Нұрбол Сағидуллин жеңіп алды.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
«AMANAT» көмекке келді
28 Наурыз 2024
159 0
Қоғам
Болашақты болжайтын карта
28 Наурыз 2024
190 0
Мезгіл мәселесі
Тасқын толастар емес!
28 Наурыз 2024
203 0
Мезгіл мәселесі
Жағдай мәз емес!..
28 Наурыз 2024
213 0
Мезгіл мәселесі
Арық салуға қомақты қаражат керек
27 Наурыз 2024
287 0
Қалалықтар қаперіне
Арнайы комиссия құрылады
27 Наурыз 2024
284 0
Мезгіл мәселесі
Тасқынның мән-жайын түсіндірді
27 Наурыз 2024
291 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды
26 Наурыз 2024
375 0
Табиғат
Экологиялық акциялар өтті
24 Наурыз 2024
627 0
Мереке
Жыл басы күнін атап өтті
23 Наурыз 2024
819 0
Құттықтаймыз!
80 отбасы баспаналы болды
21 Наурыз 2024
950 0
Мереке
Балаларға базарлық берілді
21 Наурыз 2024
960 0
Мереке
Жаңару күнін тойлады
20 Наурыз 2024
1035 0
Қалалықтар қаперіне
«Ұршық пати» көрмесі өтті
16 Наурыз 2024
1436 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
16 Наурыз 2024
1455 0
Табиғат
Салаладағы мәселелер талқыланды
15 Наурыз 2024
1533 0
Қалалықтар қаперіне
Жайық жұртымен кездесті
14 Наурыз 2024
1619 0
Білім
Дубналықтар КазИИТУ-ға келді
12 Наурыз 2024
1826 0
Қалалықтар қаперіне
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!
12 Наурыз 2024
1824 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»